Аймақтар • 30 Қазан, 2019

Маңғыстау облысының әкімі хорват елшісін қабылдады

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Хорватияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рефик Шабанович бастаған делегациямен кездесті. Бұл жайында Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау облысының әкімі хорват елшісін қабылдады

Қазіргі таңда Қазақстан елі Хорватиямен бірлесіп экономикалық саланың барлық бағыттары бойынша белсенді ынтымақтастық жүргізуде. Маңғыстау облысында хорват капиталының қатысуымен көтерме сауда саласы бойынша «Антанир» ЖШС қызмет етеді.

- Өлкеміздің экономикалық, инвестициялық, транзиттік әлеуетке ие аймақ болып табылатыны белгілі. Маңғыстау облысының аумағы арқылы Шығыс Еуропаны Орталық Азиямен және Солтүстік Еуропаны Парсы шығанағы елдерімен қосатын «ТРАСЕКА» және «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәліздері өтеді. Бүгінгі таңда өңірде мұнай өндіру, мұнай химиясы, құрылыс материалдары, металлургия және т.б. салаларында өндіріс жүргізетін ірі шетелдік инвесторлар табысты жұмыс істеуде. Біз барлық мүдделі кәсіпкерлерге көмек көрсетуге дайынбыз және сіздерді өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырамыз. Бүгінгі кездесу Маңғыстау облысы мен Хорватия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жандандырудағы тетік болады деп үміттенемін, деп атап өтті аймақ басшысы.

Екіжақты кездесу кезінде Маңғыстау мен Далматы (Хорватия) облыстарының мұнай және кеме жасау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ Хорватияның аймаққа шетелдік инвестицияларды тарту туралы ұсыныстары қаралды.

 

 

Маңғыстау облысы