Аймақтар • 31 Қазан, 2019

Бразилиядан 10 медальмен оралды

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемендегі «Нұр Орда» мектеп лицейінің 10 оқушысы математика, биология және ағылшын тілі пәні бойынша жоба қорғап, жеңімпаз атанды.

Бразилиядан 10 медальмен оралды

 нұр

Өскемен қаласының 10 оқушысы Бразилияда өткен білім сайысынан 10 медаль жеңіп алды. Халықаралық «Mostratec» білім көрмесінің аясында ұйымдастырылған ғылыми жұмыстар олимпиадасында 40 мемлекеттен барлығы 1 мыңнан астам оқушы бақ сынады.

нұр 1

Өскемендегі «Нұр Орда» мектеп лицейінің 10 оқушысы математика, биология және ағылшын тілі пәні бойынша жоба қорғап, жеңімпаз атанды. Нақты айтқанда, елге 5 алтын, 2 күміс және 3 қола медальмен оралды. Алтыннан алқа таққан оқушыларды  Өскемен әуежайынан мектептегі ұстаздар, ата-аналар сән-салтанатпен күтіп алды. Жалпы, Қазақстаннан Бразилияға барлығы 31 оқушы барған екен. Ең көп медальді Өскемендегі жастар ұтып алды. «Біз алтын медаль алдық. Біздің жобамыз математика пәні бойынша болды. Алтын медальды алғанда қатты қобалжып, сахнаға шыққанда өте қуандық. Қазақстанмен қатар Бразилия, Аргентина, Түркия мемлекеттері жақсы нәтиже көрсетті» дейді «Нұр Орда» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Дария Исламбекова. Осы білім ордасы директорының орынбасары Бекзат Мажитов оқушылар өздеріне үлкен тәжірибе жинағандарын айтады. «Ол жерде орын алу бір мәселе, өздері сол жерге барып, басқа адамдармен танысып, өздерінің пікірлерін айтып, жобаларын қорғады» дейді ол.

нұр 2

 

ӨСКЕМЕН