Аймақтар • 30 Қазан, 2019

Маңғыстауда жол-көлік оқиғасы саны артқанмен, қаза болғандар саны азайған

194 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ІІМ Алқасының кеңейтілген отырысында ел Президенті белгілеген тағы  басым бағыттардың бірі  – жол қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету, оның ішінде жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан азаматтардың санын азайту болып табылады.

Маңғыстауда жол-көлік оқиғасы саны артқанмен, қаза болғандар саны азайған

Маңғыстауда 9 ай қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғасының саны 4,1%-ға (195- 203), сондай-ақ оның салдарынан жарақаттанғандар 14,0%-ға (242- 276) өскенімен, қаза болғандар саны 13,7%-ға (51- 44) төмендеді.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында  автожолдарда 13 билборд, сондай-ақ патрульдік автокөліктердің 7 макеті және жаяу жүргіншілер өткелдерінің жанында «Полиция» және «Балалар» үлгісіндегі 15 макет өз күштерімен орналастырылды. Ақтау-Жаңаөзен, Ақтау-Бейнеу бағытты автожолдарының жол жабынын жақсартуға және жылдамдық режимін бұзушылықтарға байланысты республикалық маңыздағы трассаларда жол-көлік оқиғасының өсуін ескере отырып, облыстың 9 негізгі автокөлік жолдарында 34 жылдамдық өлшегіш құралын орнату қажет.

Полиция департаменті басшысы, жолдардағы апаттылықты төмендету мақсатында Ақтау-Жаңаөзен және Ақтау-Бейнеу бағыттарында рейстік маршруттарды ашуды ұсынды.

Негізінен жол апатын көп жағдайларда еркін жайылымда, қараусыз жүрген мал жануарлар әсер етуде.

Негізгі автожолдар бойында орналасқан барлық шаруа қожалықтарының иелерімен малдарды таңбалау немесе чиптеу бойынша жұмыстар жүргізіліп, сондай-ақ шаралар барысында тәуліктің қараңғы уақытында жаю кезінде арнайы шағылыстыратын ленталарды пайдалану қажеттігі туралы жеткізілді.

Әрбір бесінші жол-көлік оқиғасы жүргіншілер өткелінде жасалуда, осыған байланысты тамыз айында Департаменттің қаражат үнемдеу есебінен эксперимент түрінде Ақтау қаласының 14-15 шағын аудандарына арнайы термопластиктермен, жарық шағылыстыратын элементтері бар – 2 жаяу жүргінші өткелі орналастырылды. Жаңа үлгідегі жабдықталған жаяу жүргіншілер өткелінде бірде-бір жаяу жүргіншіні қағып кету оқиғасы тіркелген жоқ.  Жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында түнгі мезгілдерде жаяу жүргіншілер өткелдерін жарықтандыру мәселесін шешу қажеттілігі айтылды.

Полиция басшысы жаяу жүргінші өткелдерінің үстінен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тәжірибесі көрсеткендей қосымша жарықтандыру қажет деп санайды.