15 Мамыр, 2013

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрілігінің бұйрығы №663

345 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрілігінің бұйрығы №663

Сәрсенбі, 15 мамыр 2013 0:40

2012 жылғы 28 қыркүйек  Астана қаласы

«Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 616 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 1- тармағының 5) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 3- тармағының 2) тармақшасына сәйкес және әкімшілік деректерді жинауды қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:

Сәрсенбі, 15 мамыр 2013 0:40

2012 жылғы 28 қыркүйек  Астана қаласы

«Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 616 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 1- тармағының 5) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 3- тармағының 2) тармақшасына сәйкес және әкімшілік деректерді жинауды қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:

1. «Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 616 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7248 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жариялаған, 2012 жылғы, №6, 64-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) жоғарыда көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасындағы ай сайынғы кезеңділік нысанында:
стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдардың төсек қорын пайдалану туралы есеп (21-нысан) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) жоғарыда көрсетілген бұйрықтың 3-қосымшасындағы жылдық кезеңділік нысандарында:
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес туберкулезбен ауыратын науқастар туралы есеп (8-нысан) жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес көбінесе жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен тері аурулары туралы есеп (9-нысан) жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес психикалық және мінез-құлық бұзылушылығы аурулары және олармен ауыратын науқастар контингенттері туралы есеп (10-нысан) жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес псикикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикасының және мінез бұзылушылығы аурулары және олармен ауыратын науқастар туралы есеп (11-нысан) жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес медициналық ұйымның қызмет көрсететін ауданында тұратын науқастардың және диспансерлік бақылауда тұрған тіркелген науқастар контингенті ауруларының саны туралы есеп  (12-нысан) жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес стационардан шыққан науқастар контингенттері туралы есеп (14-нысан) жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес медицина және фармацевтика кадрлары туралы есеп (17-нысан) жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес медициналық ұйымның есебі (30-нысан) жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес балаларға медициналық көмек көрсету туралы есеп (31-нысан) жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес жүкті, босанатын және босанған әйелдерге медициналық көмек көрсету туралы есеп (32-нысан) жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес балалар үйінің есебі (41-нысан) жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының желісі және қызметі туралы есеп (47-нысан) жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес балалар мүгедектігі туралы есеп (52-нысан) жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес патологиялық анатомия саласында қызметін жүзеге асырылған ұйымның есебі (55-нысан) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттерінің директорлары, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары осы бұйрықпен бекітілген нысандар бойынша барлық денсаулық сақтау ұйымдарында есептерді жасауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықпен бекітілген нысандар бойынша республиканың денсаулық сақтау субъекті­лерінің әкімшілік деректерін жинауды, жүргізуді, өңдеуді, жалпы жинақтауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Е.Р. Әмірғалиев) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі     С. ҚАЙЫРБЕКОВА.

(Жалғасы бар).