Аймақтар • 31 Қазан, 2019

Ақтауда алғаш рет жүрекішілік ЭФИ жүргізілді

212 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«ARCHIMED» Кардиология және ішкі аурулар медициналық орталығында екі науқасқа алғаш рет диагнозды нақтылау үшін жүрек ішілік электрофизиологиялық зерттеу (ЭФИ) жүргізілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтауда алғаш рет жүрекішілік ЭФИ жүргізілді

Бірінші емделушіге Нұр-сұлтан емханасында ота жасау ұсынылды, екінші науқастан «тахикардия» диагнозы алып тасталынды. Бұдан былай жүрегі ауыратындар аймақтан тыс жерде тексеруге тура келмейді. Бұл туралы орталық кардиохирургтары айтты.

Дәрігерлердің айтуынша, ЭФИ диагностикалық мәселелер инвазивті емес әдістермен шешілмеген және әртүрлі аритмияларды анықтауға арналған жағдайларда жүргізіледі. Зерттеу ұлттық ғылыми-медициналық орталықтың аритмологы Қуандық Садуевпен бірге жүргізілді.

- Жүрек ішілік электрофизиологиялық зерттеу кезінде емделушінің түрлі жүрек бөлімдеріне көп контактілі электродтар-катетерлер орнатылады. Жиі жүрек ішілік электрофизиологиялық зерттеу аритмияны операциялық емдеудің бастапқы және қорытынды кезеңі болып табылады. Айта кету керек, эндокардиальды зерттеудің диагностикалық мүмкіндіктері өңешеден айтарлықтай жоғары. 60 жастағы науқаста зерттеу жүргізілгеннен кейін «суправентрикулярлық тахикардия» диагнозы расталмады. Ал ауруы анықталған 53 жастағы науқас Нұр-Cұлтан Ұлттық ғылыми-медициналық орталығында отадан өтеді. Ақтау астаналық емханалардан алыс орналасқандығын ескерсек, Маңғыстау облысында ЭФИ өткізу маңызды оқиға, себебі интервенциялық аритмологияның алғашқы буыны болып табылады. Мемлекеттік - жеке меншік әріптестік бағдарламасын енгізудің арқасында облыстық денсаулық сақтау басқармасының, Маңғыстау облысы әкімдігінің, Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен біз өңірде аритмологияның дамуы туралы батыл айта аламыз. Енді ЭФИ біздің орталықта емделушілер үшін тегін. Бұған дейін Маңғыстаудан келген емделушілерге Алматы, Астана және Новосибирск емханаларында емделу үшін квота ресімдеуге тура келді, деп хабарлады кардиохирургтар.

Дәрігерлердің айтуынша, кенеттен жүрек өлімі жаһандық мәселе болып отыр. Негізгі себеп жүрек ырғағының күрделі бұзылуы болып табылады.