Аймақтар • 31 Қазан, 2019

Маңғыстауда дәрігерлер жаппай таңғы жаттығу жасады

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдары, Маңғыстау салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығы ұйымдастырған таңғы жаттығуға шықты. Акцияға медицина қызметкерлері салауатты өмір салтын ұстанатын барлық адамдарды шақырады.

Маңғыстауда дәрігерлер жаппай таңғы жаттығу жасады

- Егер күнді белсенді дене жаттығуларынан бастаса, онда барлығының денсаулығы мен жан-жақты тепе-теңдігі жақсы болады, дейді ұйымдастырушылар.

Мысалы, Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін күн сайын жұмыс күнінің алдында 10 минуттық дене шынықтыру жаттығуларын өткізеді.

- Біз барлығыңызды салауатты өмір салтына шақырамыз, деді жедел жәрдем станциясы директорының міндетін атқарушы Рахымжан Елтаев.