- Қазіргі уақытта адамзаттың даму үрдісі өнеркәсіптік тамақтанудың рөлі тек қана өсе түсетіндей болып қалыптасады. Бұл нутрициологияның алдына тамақтануды рационализациялау, оның түрлі аурулардың алдын алу мен емдеудегі тиімділігін арттыру бойынша маңызды міндет қояды. Дұрыс тамақтанбау ― салмақтың артықшылығы мен жетіспеушілігі секілді кез келген жаста адам денсаулығына елеулі зиян келтіруі мүмкін. Бұл физикалық және ақыл-ой даму деңгейінің төмендеуінен, тез шаршағандығынан, қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсеріне қарсылық көрсете алмауынан, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуінен, тіпті ерте қартаюдан және өмір сүру ұзақтығының қысқаруынан білінеді, деп атап өтті Майгүл Қайнарбаева.
Қазақ тағамтану академиясының жетекші маманы сауда орталығының келушілеріне артық салмақ пен семіздіктің, дұрыс тамақтанбау себебінен туындайтын асқазан-ішек жолдарының ауруларының алдын алу туралы кеңес берді.
- Маған артық салмағы бар көптеген жас қыздар мен жігіттер жүгінді. Бұған дейін тек ересек адамдар ғана ұшыраған аурулар жасарып жатқаны өкінішті, - деді М.Қайнарбаева.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақ тағамтану академиясының жетекші маманы «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының қауымдастығы» ЗТБ мен бірлесіп Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасы бойынша ұйымдастырған семинар циклі.