Аймақтар • 31 Қазан, 2019

Маңғыстауда жыл басынан бері бейнебақылау камералары арқылы 175 қылмыс анықталған

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында – барлық мемлекеттік органдарды цифрландыру бойынша бағыттардың бірі бейнебақылау желісін кеңейту болып белгіленді. Осы орайда, Маңғыстау облысы Полиция департаменті бейнебақылау орнату жұмысына назар аударып келеді. Жыл басынан бастап Ақтау және Жаңаөзен қалаларының екі Жедел басқару орталықтарында – 305 бейнебақылау камерасы және 6 зияткерлік қиылыстар жұмыс істеуде.

Маңғыстауда жыл басынан бері бейнебақылау камералары арқылы 175 қылмыс анықталған

Биыл «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы бөлген 271 млн теңгеге қаражат есебінен Жаңаөзен қаласына бақылау жүйесі Жедел басқару орталығына шоғырландырылған 180 камера орнатылды.

2019 жылдың 1 қазанымен Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының жалпы саны – 485 камера.

Полиция Департаменті басшылығының мәліметіне сүйенсек, Ақтау қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының құралдары соңғы рет 2015 жылы жаңартылған. Оның ішінде – 30-дан астам мониторлар 2008 жылы шығарылған, көбі жұмыс жасамайды. 238 камераның 34-і аналогты, күндізгі уақытта айқын бейнелер бермейді, сондай-ақ қараңғы мезгілдерде ештеңе көрінбейді. Сондай-ақ Ақтау қаласының 30-35 шағын аудандарындағы негізгі қиылыстар мен көшелерде бейнебақылау камералары мүлде жоқ.  Жедел басқару орталығын жаңғырту қажеттілігі бұл ескі жабдықтарды ауыстыруды және бейнебақылау желісін одан әрі кеңейтуді көздейді.

Жыл басынан бейнебақылау камераларының көмегімен барлығы 175 қылмыс ашылып, 26 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.