Аймақтар • 31 Қазан, 2019

Маңғыстауда арнайы мониторинг тобы медицина орындарын бақылауға алды

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы және облыстық Арнайы мониторингтік топ мүшелерінің қатысуымен Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 ақпандағы «Қазақстан Республикасында нәрестелер мен бала өлімін азайту жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» бұйрығының орындалуына талдау жүргізілді.

Маңғыстауда арнайы мониторинг тобы медицина орындарын бақылауға алды

Жұмыс барысында облыстың мемлекеттік ауруханаларына, емханаларына және перзентхана орталықтарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Мониторинг барысында ауруханалар мен емханалардың медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуі, болашақ аналардың скринингтен өткені, қанша нәресте туылғандығы, олардың амбулаториялық тексерістен өтуі және бала өлімі деректеріне мониторинг кезінде аса мән берілді.

Талдау нәтижесінде Маңғыстау облыстық ауруханасында сатып алу шарты бойынша 2019 жылдың басынан бері медициналық жабдықтар алынбағаны, облыстық перинаталдық орталығында жаңа туылған нәрестелерге арналған төсектің жетіспеуі, Маңғыстау аудандық перинаталдық орталығында медициналық жабдықтарды қолдану және сақтауда санитарлық нормалары сақталмағаны және Маңғыстау аудандық ауруханасында өртелуге тиісті пайдаланылған препараттар қоқыс жәшігінде жатқаны анықталды.

Жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша жұмыс тобымен талдау анықтамасы жасақталып, мониторинг жүргізілген медицина мекемелеріне анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізілді.