Аймақтар • 31 Қазан, 2019

Маңғыстауда биыл жасөспірімдер қылмысы артты

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті басшылығының айтуынша,  облыс бойынша жасөспірімдер қылмысы 4,1%-ға өскен.

Маңғыстауда биыл жасөспірімдер қылмысы артты

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында, жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізумен қатар, полициямен білім және дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесе отырып, жасөспірімдердің қатысуымен, оның ішінде патриоттық сипаттағы мәдени, спорттық-бұқаралық және басқа да іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады.

- Тәжірибе көрсетіп отырғандай, ата-аналардың көпшілігі қазір табыс табу мақсатында әр-түрлі қызметтермен айналысуына байланысты балалар тәрбиесіне көңіл аудару назардан тыс қалды. Осының салдарынан жасөспірімдер «көшенің» ықпалына түсіп, құқық бұзушылық жасауда, - деген облыс полициясының басшысы Қ.Таймерденов жергілікті жерлерде жасөспірімдердің тәрбиесіне олардың тұрғылықты жері бойынша спорт секцияларының жаттықтырушыларын тартуды ұсынды.

Бүгінгі күні тағы бір өзекті және өте маңызды мәселе - жас балаларға қатысты педофилдермен жасалатын жыныстық зорлық-зомбылық.

5 жыл ішінде облыста 3 жастан 13 жасқа дейінгі жас балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы 44 қылмыс жасалған. Барлық 44 қылмыскер-педофил ұсталып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Қанат Даниярұлы есеп беру кезеңінде осы санаттағы қылмыстардың азаюына қарамастан, мектепке дейінгі мекемелерде, сондай-ақ орта мектептердің бастауыш сыныптарында, оның ішінде жеке балабақшалар мен мектептерде балалар психологтарының қатысуымен көшелерде және қоғамдық орындарда бөтен адамдармен сөйлеспеу керектігін түсіндіру туралы сабақтар өткізуді ұйымдастыру қажет деп санайтындығын көрсетіп өтті.