Аймақтар • 31 Қазан, 2019

Маңғыстауда «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы өтті

232 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы «Үздік бастауыш партия ұйымы» атты республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді. Бұл сайыстың мақсаты - облыстық іріктеу кезеңін өткізіп, үш санат бойынша үздік бастауыш партия ұйымдарын анықтап, республикалық байқауға жолдау.

Маңғыстауда «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы өтті

Комиссия мүшелері ретінде «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің меңгерушісі М.Дощанов, «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «Форте Банк» директоры А.Өрісбаев, Жаңаөзен политехникалық колледжінің директоры Т.Болатбаева, партия ардагері Е.Іңірбайұлы, «Nur Otan» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Б.Қуандық, «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз хатшысы З.Пулатова қатысты.

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары З.Есбергенова өз сөзінде үздік бастауыш партия ұйымдарын анықтау, жұмыстарын жандандыру, тығыз байланыста болу қажеттігін айтты.

Әрбір конкурсқа қатысушы БПҰ төрағалары тізім бойынша өз кезегімен комиссия алқасының алдына жеке келіп, басқарып отырған бастауыш партия ұйымының жұмыстары туралы баяндап, атқарылған жұмыстарды дәлелдейтін құжаттарын көрсетті, сұрақтарға жауап берді.

БПҰ басшылары арасында жастармен бірге әжейлер де бар. Мәселен, Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылынан келген Қасымова Күләш әжей Елбасының тапсырмаларын, бағдарламаларын жүзеге асыруға септігін тигізіп жүретіндігін мақтан тұтады. Оған қоса Күләш әжей БПҰ-ның әлеуметтік желілерін де өзі жүргізеді.

- Бастауыш партиялары «Nur Otan» партиясы бағдармаларының халыққа қайырымдылығын, тиімділігін жақсы түсінеді. «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы» сияқты бағдарламалар қоғамға өте қажет, деді К. Қасымова.

Конкурс соңында комиссия мүшелері әр санат бойынша БПҰ-дың берген ақпараттары мен құжаттарын сараптай келе конкурс жеңімпаздарын анықтады. Жеңімпаздарды мәлімдеу шарасы алдағы уақытқа жоспарланды.