Спорт • 03 Қараша, 2019

Елизавета Синельникова – джиу-джитсудан әлем чемпионы

980 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Греция мемлекетінің Крик аралында өткен байрақты бәсекеде жерлесіміз 48 келі салмақта топ жарып, алтыннан алқа тақты. Жеңістің жалауын желбіретіп келген споршы қызды жерлестері қуана  қарсы алды.

Елизавета Синельникова – джиу-джитсудан әлем чемпионы

Елизавета облыс орталығындағы №2 орта мектептің 9 сынып оқушысы. Спорттың осы түрімен бес жылға жуық айналысуда. Джиу-джитсудан өткен Қазақстан чемпионатында да сан мәрте мерейі үстем болған.Төрткүл дүние көз тіккен дүбірлі жарыста  жерлесіміз ел үмітін ақтады. Әлемнің әр қиырынан келген 500-ге жуық спортшының арасынан өз салмағында топ жарды.

Мен 48 келі салмақ дәрежесінде сынға түстім. Барлығы 4 кездесу өткіздім. Абырой бергенде алтын медаль иелендім. Жарысқа тыңғылықты дайындалып барғандығымның нәтижесі шығар. Сайыс өте шиеленісті өтті. Әсіресе, Грецияның өз спортшысымен өткен жекпе-жек қиындау болды,–дейді әлем чемпионы.

Еліміздің 7 салмақ дәрежесінде сынға түскен споршыларының барлығы жүлделі оралған. Яғни, ел қоржынында 5 алтын және 1 күміс, 1 қола.

  

Ақмола облысы