Аймақтар • 04 Қараша, 2019

Теолог полицейлерге дәріс оқыды

796 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қалалық Полиция басқармасында «Діни экстремизм және оның алдын алу жолдары» бойынша Маңғыстау облысы дін істер басқармасы, ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Абдулхамитов Сайидмұхаммадұлының полиция инспекторларымен оқыту семинары өтті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Теолог полицейлерге дәріс оқыды

Кездесуде теолог маманы полиция қызметкерлеріне дін ағымындағы ерекшеліктер, ағымдардың бөлінуі, дәстүрлі емес ағым жолына түскен жастардың тобы мен себептері туралы түсіндіру сипатында жеке-жеке тақырыптарға тоқталып, түсіндірме жұмыс жүргізді.

Бұл кездесуде діни алауыздықты немесе араздықты тудыруға, терроризм мен экстремизм идеяларын насихаттау нысандарын, әдістері мен тәсілдерін әшкерелеуге бағытталған терроризм мен экстремизм идеяларының қауіптілігін түсіндіру - басты мақсат болды.

- Діни ахуалы тұрақты мемлекетте бейбітшілік, достық, бірлік орнайтыны, ол ұзаққа созылатыны белгілі. Сондықтан да діни ахуалды тұрақты ұстап тұру үшін нақты жоспармен еңбек еткен абзал. Сол себепті де, Қазақстанда діни ахуалды ұстап тұру үшін түрлі іс-шаралар өтуде. Оның барлығы – бейбітшілікті, діни алауыздықты болдырмауды көздейді, - дейді Маңғыстау облысы дін істер басқармасы ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Абдулхамитов Сайидмұхаммед.

Теріс діни ағымды ұстанғандарды райынан қайтарудың жолдары мен психологиялық қағидалар жайында полиция қызметкерлерінің қойған сұрақтарына теолог маманы толық түсінік берді.