Аймақтар • 04 Қараша, 2019

Мұнайшылармен жемқорлыққа қарсы кездесу өтті

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасы бас маманының қатысуымен «Маңғыстаумұнайгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кызметкерлерімен кездесу өтті. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұнайшылармен жемқорлыққа қарсы кездесу өтті

Департаменттің бас маманы Жанна Шыртанова өз баяндамасында агенттік пен департамент тарапынан сыбайлас жемқорлықты болдырмау жолында «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында Арнайы мониторингтік тобы мүшелерімен жүзеге асырылған жұмыстардың нәтижесін атай отырып, сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша статистикалық мәліметтермен таныстырды.

Сонымен қатар іс-шараға Ақтау қалалық Бекет Ата мешітінің наиб имамы Іздібай Қобыланов сыбайлас жемқорлық салдарының қоғамға тигізер зияны туралы айтып, оның тек қана зайырлы заңдар емес, сонымен бірге қасиетті Құран аяттарымен де, Мұхаммед Пайғамбардың сүннетімен де аса қатал түрде айыпталатынын жеткізді.

Кездесу нәтижесінде қатысушыларға арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажеттігі, бұл заман талабы екендігі, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы белсенді шаралар кешені арқылы ғана жүзеге асырылатыны айтылды.