Аймақтар • 04 Қараша, 2019

Пойыз қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді

514 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауда Мұнайлы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Маңғыстау стансасының желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесе пойыздағыларға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Пойыз қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қазан айының соңғы күні Пәкістанда ас пісіру үшін пайдаланылған газ баллонының жарылысы салдарынан Карачи-Равалпинди бағытындағы жолаушылар пойызында жарылыс болып, 73 адам қаза тапты, 20-ға жуық адам түрлі дәрежедегі күйік пен жарақат алғандығы белгілі. Осыған орай сақтық және алдын алу мақсатында «Маңғыстау-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызында ауқымды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жол серіктері нұсқаулықтан өткізіліп, көрнекі жадынамалар таратылды, түсіндірме жұмыстары барысында пойыз мейрамханасына аса көңіл бөлініп, аспаз және даяшыларға тамақ пісіру кезінде қуатты көп қажет ететін және газ балонмен пайдаланылатын тамақ пісіру плиталарын қолданбау жөнінде дәріс өткізілді.

Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы А. Құлманов бастапқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс қолдану ережелерін түсіндірді. Іс-шара соңында пойыз қызметкерлеріне ситуациялық сұрақтар қойылып, олардың өрт қауіпсіздігі бойынша біліктілігі тексерілді.