Тағайындау • 04 Қараша, 2019

Байбеков Бесқарағай ауданына әкім болып тағайындалды

149 реткөрсетілді

Бүгін Бесқарағай ауданына жаңа әкім таныстырылды.

Бүгін Бесқарағай ауданына жаңа әкім таныстырылды. «Аймақ басшысының өкімімен бұл лауазымға облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Шалқар Заманбекұлы Байбеков тағайындалды. Ол 2017 жылдан бері ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар, жер қатынастары мен ветеринария салаларына жетекшілік етті» делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.«Шалқар Заманбекұлы – өте тәжірибелі басқарушы. Оның кандидатурасын мәслихат депуттары бірауыздан қолдады. Ол өзінің тәжірибесін Бесқарағай ауданын дамыту барысындағы маңызды мәселелерді шешуде қолданатынына сенімдімін», – деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов аудан активі алдында сөйлеген сөзінде.

бес

Шалқар Байбеков 1967 жылы 6 ақпанда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономика» мамандығы, кейін Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады. Қызмет жолын 1988 жылы Семей облысы Жаңасемей аудандық мемлекеттік сақтандыру инспекциясының аға инспекторы болып бастады. 1990 жылдың шілде айынан бастап Семей салық инспекциясында қызмет етті. 1999 жылы Павлодар қаласы, кейін Астана мен Қарағанды қалаларында Салық комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

алты

2008 жылдан 2014 жылға дейін Астана қаласы Салық департаментінің  Есіл ауданы бойынша  салық басқармасын басқарды. Кейін Президент Әкімшілігінің  мемлекеттік бақылау  және ұйымдық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды.

Шығыс Қазақстан облысы

 

 

Соңғы жаңалықтар

Алтын Адам Афинада

Қазақстан • Кеше

Жастар жарады

Спорт • Кеше

Жерлестеріміз жоғарылады

Кәсіпқой бокс • Кеше

Фронт-кеңсе ашылды

Аймақтар • Кеше

Анаға тағзым етіңдер!

Руханият • Кеше

Он айдағы орнықты даму

Экономика • Кеше

Алматы аулалары абаттандырылады 

Аймақтар • 12 Қараша, 2019

Ұқсас жаңалықтар