04 Қараша, 2019

Алтай ауданында жастар форумы өтті

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шараға ауданның ең белсенді, шығармашылық, бастамашыл және креативті жастары жиналды.

Алтай ауданында жастар форумы өтті

Жақында Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кентінде «Болашақты басқар» атты тақырыпта жастар форумы өтті. Шараға ауданның ең белсенді, шығармашылық, бастамашыл және креативті жастары жиналды. Жалпы форум жұмысына 400-ден астам адам қатысты.

 

алтай 1

«Біздің ауданның жастары өте белсенді. Әрқайсысының өзіндік ойы, идеясы бар. Барлық шараларға белсенді қатысады. Бұл форум жастарға өмірлік бағдарды анықтауда дұрыс таңдау жасауға көмектесетін диалог алаңына айналатынына сенімдімін. Естеріңізде болсын, сіздердің жеке жетістіктеріңіз – бұл біздің Отанымыздың жетістігі» деді форумда сөз алған аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов.

алтай 2

алтай 3

Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарқызының айтуынша, форумның мақсаты – аудан жастарының рухани байланыстарын нығайту, мемлекеттік жастар саясатының басымдықтарын жүзеге асыру жолдарын анықтау, азаматтардың санасына әлеуметтік маңызы бар патриоттық құндылықтарды сіңіру, Қазақстанның, туған өлкенің өткеніне құрмет көрсету. «Бүгінгі форум аудан жастарының ортақ ойлары мен мақсаттарын біріктіретінін көрсетті. Форумды өткізу барысында таланттар аукционы ұсынылды, көрмелер ұйымдастырылды, жастар баяндама оқып, музыкалық және би нөмірлерін көрсетті, пікір алмасты. Осындай іс-шаралар жастарды біріктіреді» дейді ол.

Шығыс Қазақстан облысы,

Алтай ауданы