Аймақтар • 06 Қараша, 2019

Мұнайлыда «Медицина жанымызда» акциясы басталды

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау өңірінде халық саны бойынша ең үлкен аудан Мұнайлы саналады. Мұнда 160 000 астам адам тұрады. Орталық аудандық ауруханасының ұйымдастыруымен «Медицина жанымызда» әлеуметтік акциясы бастау алды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады. 

Мұнайлыда «Медицина жанымызда» акциясы басталды

Ақ халаттылар «Жылжымалы медициналық кешен» көмегімен Дәулет ауылында болып, тұрғындармен жүздесті. Акцияға салауатты өмір салтын қалыптыру орталығының Мұнайлы аудандық филиалының меңгерушісі Гүлжанат Жиенбаева қатысты.

Акция барысында көз ішінің қан қысымын өлшеуге 35 адам, қандағы қант мөлшерін тексеруге 19, рентгенге 26, ЭКГ-ға 20, УЗИ-ға 51 адам келіп қаралды. Келген әрбір емделушіге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы түсіндіріліп, құнды ақпараттар берілді. Шара алдағы аптада Қызылтөбе ауылында жалғасын табатын болады.

 

 

Маңғыстау облысы