Аймақтар • 06 Қараша, 2019

Қарағанды облысында әлем чемпионы жастармен кездесті

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, спорттық акробатикадан әлем чемпионы  Никита Амоскин жастармен кездесті. Сондай-ақ бұл кездесуге спортшының анасы мен әжесі және жаттықтырушысы Ботагөз Байбақушева да қатысты.

Қарағанды облысында әлем чемпионы жастармен кездесті

Сұрақ-жауап пішімінде өткен кездесу барысында әлем чемпионы өзінің алдағы жоспарлары туралы айтты. Сонымен бірге ол жастарды қиындықтардан қорықпауға, арманға ұмтылуға және үнемі даму үшін ерінбей еңбек етуге шақырды.

Никита Амоскин Қарағандының іргесіндегі Новодолинск ауылында дүниеге келген. Спортпен ерте жасынан бастап айналысқан ол әуелде грек-рим күресінің үйірмесіне барған екен.

Тынбай тер төгуінің арқасында ол спорттық акробатикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын иеленді. Екі дүркін Азия чемпионы, 2018 жылы әлем чемпионы атанды. Қазіргі таңда ол ҚарМУ-дың дене тәрбиесі және спорт факультетінде білім алып жүр.

Кездесу барысында Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Қайыржан Тілеубергенов чемпионға алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

 

 

Қарағанды облысы