Қазақстан • 06 Қараша, 2019

Орталық Азия мемлекеттері су қақпаларының лимитін бекітті

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласында Мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының (МҮСК) 77-ші отырысы өтті. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Орталық Азия мемлекеттері су қақпаларының лимитін бекітті

Мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының 77-ші отырысына Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Громов Сергей, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстар комитетінің Төрағасы Тұрлыбек Арман, Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Хамраев Шавкат, Тәжікстан Республикасы Энергетика және су ресурстары министрлігі су-энергетика саясаты, ғылым мен техниканы дамыту басқармасының бастығы Далер Абдуразокзода, Түрікменстанның Су шаруашылығы мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Довлетмурад Маммедов қатысты.
⠀⠀⠀
Отырыс барысында Сырдария және Әмудария өзендерінің бассейндері бойынша 2019 жылғы вегетациялық кезеңде су қоймалары каскадтарының жұмыс режимі мен лимиттерін пайдалану қорытындылары талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша 2019-2020 жылдар аралығында Сырдария және Амудария өзендерінің бассейндері бойынша елдердің су алу лимиттері мен су қоймалары каскадтарының болжамдық жұмыс режимі бекітілді.
⠀⠀⠀
Сондай-ақ 2018 жылғы 24 тамызда Түркменбаши қаласында өткен Саммитте айтылған ХАҚҚ құрылтайшы мемлекеттер басшыларының бастамаларын іске асыру жөніндегі МҮСК ҒАО ақпараты қаралды.
⠀⠀⠀
Мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының кезекті 78-ші отырысы Түрікменстанның астанасы Ашхабад қаласында 2020 жылдың бірінші онкүндігінде өтеді.