Экономика • 07 Қараша, 2019

Жамбыл облысында 349,9 миллиард теңгенің өнімі өндірілген

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында жыл сайын өнеркәсіп кәсіпорындары өнім көлемін арттырып келеді. Жамбыл облыстық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Жеңіс Сариевтың айтуынша, ағымдағы жылы Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 349,9 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,7 пайызға артқан.

Жамбыл облысында 349,9 миллиард теңгенің өнімі өндірілген

«Оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі бойынша 39,8 миллион теңгеге өнім өндіріліп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,8 пайызға өскен. Ал өңдеу өнеркәсібі бойынша 262,7 миллиард теңгеге өнім өндіріліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 7,0 пайызға артқан» дейді Жеңіс Сариев.

Сонымен қатар еліміздің индустриалды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста Кәсіпкерлікті қолдау картасына 603,5 миллиард теңгені құрайтын 50 инвестициялық жоба енгізілген. Картадағы барлық жобалар іске асырылған жағдайда облыста 6758 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Ал 2015-2019 жылдары Картаға енгізілген жобалардың ішінен 55,5 миллиард теңгеге 33 жоба жүзеге асырылып, 2230 жұмыс орны ашылмақ.

 

Жамбыл облысы