Футбол • 08 Қараша, 2019

Плей-офф кезеңіне шыққан үш команда белгілі

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен сейсенбі-сәрсенбі күндері фут­болдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңдегі 4-тур ойындары өз мәресіне жетті. «Ювентус», «Бавария» және ПСЖ ко­­мандалары өткен турда қарсы­лас­та­рынан басым түсіп, мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Плей-офф кезеңіне шыққан үш команда белгілі

Топтық кезеңдегі төртінші матчта Италия­ның «Ювентус» командасы сырт алаңда Мәс­кеудің «Локомотив» клубынан 2:1 есебімен басым түсті. Осы жеңісінен кейін Турин командасы 10 ұпай жинап, топтан бірінші болып келесі кезеңге жолдама алды. Ал Германияның «Бавария» командасы өз алаңында Грекияның «Олимпиакосын» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Төрт турда Мюнхен командасы 12 ұпай иеленіп, плей-офф кезеңінің мәселесін мерзімінен бұрын шешіп қойды.

Сондай-ақ Францияның ПСЖ командасы да Чемпиондар лигасының 1/16 кезеңіне жолдама алды. 4-тур аясында Париж командасы өз алаңында Бельгияның «Брюгге» командасымен кездесіп, 1:0 нәтижесімен жеңді. Осылайша төрт ойыннан кейін 12 ұпаймен плей-офф сатысына шықты.