Спорт • 08 Қараша, 2019

Олимпиада-2020: Кезекті жолдама қоржында

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Стенд атудан Дохада (Қатар) өтіп жат­­қан лицензиялық Азия чемпиона­тында «трап» жарысының қыздар ара­сындағы бәсекесі аяқталды. Жа­рыс нәтижесі бойынша отандасымыз Сәр­сенкүл Рысбекова Олимпиада жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Олимпиада-2020: Кезекті жолдама қоржында

Ол Азия чемпионатында екінші орын алып, күміс медаль жеңіп алды. Осылайша қандасымыз Токиода өтетін Олимпия ойын­дарының лицензиясына қол жеткізді. Олим­пиадаға іріктеу ережесі бойынша Азия чемпионатында жүлделі үш орынға ие болған спортшыларға жолдама таратылады.

Құрлық додасында алтын медальды ливандық Рэй Бассил еншілесе, қола медальды тайпейлік Ю Ван Лю жеңіп алды. Айта кетелік, бұл Қазақстан командасының қоржынындағы 22-ші жолдама. Бұдан бөлек, Қазақстан коман­далық сында Азия чемпионы атанды.