Қазақстан • 08 Қараша, 2019

Қазақстанның пайдасына шешілді

189 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында Халықаралық Төре­лік трибунал «World Wide Minerals Inc.» канадалық компаниясы және Пол Кэролл бас­та­ма жасаған төрелік қарау бо­йын­ша шешім шығарды.

Қазақстанның  пайдасына шешілді

Бастапқыда Қазақстанға қарсы талап-арыздың сомасы 1,9 млрд АҚШ долларын құрады. Трибунал талапкерлерге бастапқы талап етілген соманың 0,725 %-дан кем бөлігін табыс етті.

Целиналық тау-химиялық комби­нат­тағы (ЦТХК) сенімді басқару келі­сіміне сәйкес кәсіпорын 1996-1997 жылдар­да талап­керлердің сенімді басқаруында бол­ған. Сонымен қатар талапкерлер өздеріне ЦТХК-ға қолдау көр­сет­кен Степногорск қаласы жұ­мыс­шы­ла­ры­ның алдында міндеттемелер алған.

1997 жылдың сәуір айынан бас­тап талапкерлер қызметкерлердің жалақысын төлемей келісімшарт талаптарын қайта-қайта бұза бастаған. ЦТХК-нің көптеген цехының жұ­мысы уақытша тоқтатылып, көмір қор­ла­ры таусылған. Бұл халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлауына алып келді. Степногор қаласындағы жылы­ту мау­сымына дайындық жұ­мыс­­тары тоқтап, қала апат ше­гін­дегі жағдайда болған. Осын­­дай жағ­дайларда Қазақстан тара­пы сенімді бас­қару туралы келісімді бұзу жөнінде ше­шім қабылдады.

Талапкерлер төрелік арызды 2013 жыл­­ғы желтоқсанда берді, ол бо­йын­ша тыңдаулар 2017 жылғы жел­тоқ­санда Лондон қаласында өтті. Рес­­пуб­лика талапкерлердің барын­ша елеу­­лі деген талаптарын қанағат­тан­ды­ру­дан бас тартуға трибуналдың кө­­зін жеткіз­гендіктен, трибунал талап етіліп жатқан соманың тек ЦТХК-нің опе­рация­­лық қызметіне инвестиция ретінде са­­лынған бөлігін ғана табыс етті.

Бұл төрелік процесі талапкерлердің мемлекетіміз есебінен өз шығындарын қалпына келтірудің үшінші талпынысы болып табылады. Талапкерлер 2000 жылы АҚШ соттарына өздеріне келтірілген 1,2 млрд АҚШ доллары көлеміндегі залалдардың орнын толтыру туралы арызданды. Ол кезде сот олардың талаптарын қанағат­тан­ды­ру­дан бас тартты.

2007-2010 жылдар аралығында талапкерлер Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сына қарсы 3,7 млрд АҚШ доллары көлеміндегі талап сомасымен төрелікке арыз берген. Бұл кезде де талапкерлердің талаптарын қана­ғат­тан­дырудан бас тартылған еді.

Бұл Қазақстан үшін айтарлықтай табыс болып табылады. Үкіметтің консультанты ретінде «ReedSmith» халықаралық заң фирмасы қатысуда.