Аймақтар • 09 Қараша, 2019

Ақтауда бірнеше құрылыс компаниясы жауапқа тартылды

707 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Маңғыстау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды.

Ақтауда бірнеше құрылыс компаниясы жауапқа тартылды

Әлеуметтік желілерде жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер сатылымға шыққаны жөнінде жариялануда. Бұған ҚР «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңына сәйкес, үлескерлердің қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруға ниет білдірушілер жергілікті атқарушы орган тарапынан берілетін рұқсат құжаттарын рәсімдеуі қажет. Алайда, бүгінгі күні Ақтау қаласы аумағында тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатқандар үлескерлер қаражатын тартуға рұқсат сұрап, жүгінгенбеген. Яғни бірде-бір тұлғада рұқсат жоқ екендігі белгілі болды.

Маңғыстау облыстық прокуратурасы ұсынған деректерге сүйенер болсақ, қыркүйек айының соңында Ақтау қалалық  сотының шешімімен «НиетСтройСервис» директоры аса ауыр сипатта алаяқтық жасады деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқаны үшін бірнеше құрылыс компания өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

ҚР «Әкімшілік-құқықбұзушылық» кодексінің 320-бабы бойынша 3 құрылыс компаниясы - «Компания СтройАльянс», «KZ West Snab» және «Ниет Строй Сервис» жауапқа тартылған.

 

 

Маңғыстау облысы