Руханият • 12 Қараша, 2019

Күлкі керуені № 14

4441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Күлкі керуені № 14

Күллі әлемнің күлкісі

Баласы әкесіне сауал қойды:

 – Әке, қарапайым сөзбен түсіндіріңізші, осы президент пен халықтың, министірлік пен комитеттің айырмашылығы неде?

 – Мысалы, мен – президентпін, шешең – қаржы министірі, әжең – қауіпсіздік комитеті, сендер – халықсыңдар.

 ... Ертесінде кезекшілікте отырған әкесіне баласы телефон соғады:

 – Құрметті президент, біздің қаржы министрінің ұйықтайтын бөлмесіне басқа президент кіріп кетті, қауіпсіздік комитеті қалың ұйқыда, халық болса – қобалжулы...

***

 – Әкем науқастанып қалыпты, қаралып келіңіз деп арғы беттегі молдаға жібердім.

 – Өзіңнің тәуіпшілігіңе көпшілік құлдық ұрады емес пе?!

      – Мен құрған ананы... ақшаны айтамын, көп алады емеспін бе...

***

Судья мәжіліс залынан ішек-сілесі қатып шығады.

– Не болды? – дейді әріптесі.

– Ішек түйілетін анекдот естідім!

– Айтып жіберші!?

– Айта алмаймын, жаңа ғана сол үшін он бес жыл беріп шықтым...

***

 Колбаса сататын дүкеннің қожайыны  қызметке алуын өтініп келген азаматтан әр нәрсені сұрастыра  келіп, соңғы сұрағын қояды:

 – Мәселен, ойланбай айтыңызшы, бір килограмда қанша грамм бар?

 – Сегіз жүз елу грамм!

 – Бәрекелді! Ертеңнен бастап жұмысқа кірісіңіз!

***

 Көрші әйел келгенде шешесі баласына:

 – Әпкеңді сүй, – дейді.

 – Сүймеймін!

 – Неғып-ей!

 – Өткенде, папам  сүйгенде, шапалақпен бір тартқан...

***

 – Кеше сіздің жұбайыңызды театрдан көрдім. Жөтелгені сонша – жұрттың бәрін өзіне қаратты, науқастанып қалған-ау, шамасы?

 – Жоқ-а! Ол онда жаңа көйлек киіп барған болатын...