Күллі әлемнің күлкісі
Баласы әкесіне сауал қойды:
– Әке, қарапайым сөзбен түсіндіріңізші, осы президент пен халықтың, министірлік пен комитеттің айырмашылығы неде?
– Мысалы, мен – президентпін, шешең – қаржы министірі, әжең – қауіпсіздік комитеті, сендер – халықсыңдар.
... Ертесінде кезекшілікте отырған әкесіне баласы телефон соғады:
– Құрметті президент, біздің қаржы министрінің ұйықтайтын бөлмесіне басқа президент кіріп кетті, қауіпсіздік комитеті қалың ұйқыда, халық болса – қобалжулы...
***
– Әкем науқастанып қалыпты, қаралып келіңіз деп арғы беттегі молдаға жібердім.
– Өзіңнің тәуіпшілігіңе көпшілік құлдық ұрады емес пе?!
– Мен құрған ананы... ақшаны айтамын, көп алады емеспін бе...
***
Судья мәжіліс залынан ішек-сілесі қатып шығады.
– Не болды? – дейді әріптесі.
– Ішек түйілетін анекдот естідім!
– Айтып жіберші!?
– Айта алмаймын, жаңа ғана сол үшін он бес жыл беріп шықтым...
***
Колбаса сататын дүкеннің қожайыны қызметке алуын өтініп келген азаматтан әр нәрсені сұрастыра келіп, соңғы сұрағын қояды:
– Мәселен, ойланбай айтыңызшы, бір килограмда қанша грамм бар?
– Сегіз жүз елу грамм!
– Бәрекелді! Ертеңнен бастап жұмысқа кірісіңіз!
***
Көрші әйел келгенде шешесі баласына:
– Әпкеңді сүй, – дейді.
– Сүймеймін!
– Неғып-ей!
– Өткенде, папам сүйгенде, шапалақпен бір тартқан...
***
– Кеше сіздің жұбайыңызды театрдан көрдім. Жөтелгені сонша – жұрттың бәрін өзіне қаратты, науқастанып қалған-ау, шамасы?
– Жоқ-а! Ол онда жаңа көйлек киіп барған болатын...