Түркістанда Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Ұлы даланың ұлы есімдерін» ұлықтау мақсатында және Жастар жылына орай дәстүрлі «Ясауитану-2019» республикалық байқауы өтті.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК және Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ ұйымдастырған республикалық байқауда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістан қалалары мен еліміздің барлық облысынан 40-тан астам оқушы бақ сынады. Биыл жиырма үшінші рет өтіп отырған байқаудың ашылу салтанатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов қалалық деңгейде бастау алған сайыс облыстық, республикалық, халықаралық дәрежеге жеткенін атап өтті. «Өз заманында-ақ халықтың ерекше ілтипатына ие болып, «Әулиелер Сұлтаны» атанған, кейінгі ұрпақтың да руханият әлеміндегі бағдарын айқындауда жетекші рөл атқарған Қожа Ахмет Ясауи баға жетпес байлық, өшпес мұра қалдырып кеткені белгілі. Әулиенің ізбасар шәкірттері Түркістан атырабынан асып, оның ілімін төрткүл дүниеге мәшһүр етті», деді Нұрболат Ахметжанов.
Өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру, интеллектуалды пайым-парасатын арттыру, кесенеде жерленген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған байқаудың бірінші кезеңінде үміткерлер «Баба мұрасы – балаға аманат» тақырыбы аясында Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін жатқа айтудан сынға түссе, «Білім мыңды жығар алысқанда» деп аталған келесі кезеңде сұрақтарға жауап берді. Қазылар алқасының шешімімен Алма Қосабай (Түркістан облысы) бас жүлдені жеңіп алды. Ал 1-орынды Өмірзақ Түленов (Түркістан облысы), 2-орынды Ұлжан Аманжолова (Шымкент қаласы) мен Медеу Нұрмолда (Алматы облысы) иеленді. Үш 3-орынды Сымбат Бейбітшілік (Қызылорда облысы), Тоғжан Нұғман (Алматы облысы) мен Дилназ Үсенбаева (Жамбыл облысы) еншіледі. «Ясауи хикметтерін жаттау арқылы шыдамды болуды, қанағат етуді үйреніп, тарихы терең Түркістан жайлы көптеген дерек білдім», дейді бас жүлдегер Алма Қосабай. Ал ең жас қатысушы Алматы қаласынан келген Сабыржан Даниялұлы байқаудан көп тәрбие алғанын айтады. «Адамгершілік, әдептілік, әділдік пен мейірімділік әрбір адамның бойынан табылуы тиіс қасиеттер екендігі хикметтерде жиі айтылған», дейді Сабыржан.
Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен марапатталып, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің грантына ие болды. Оқушылардың жетекшілеріне де Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Түркістан облысы
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ақтөбе облысында Pfizer вакцинасы таусылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Оралда тұрғын үй ауласынан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Кеше
Абай облысы Қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы елордадағы құрылыс нысандарын тексерді
Үкімет • Кеше
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Таразда Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Кеше
Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды
Қоғам • Кеше
Зүлфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетика • Кеше
Қазақстанда қанша адам вакцина алды
Коронавирус • Кеше
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Кеше
2133 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1452 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Ауыр атлетика • 12 Тамыз, 2022
Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Жансель Дениз Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
Спорт • 12 Тамыз, 2022
Алматы облысында 1 жасар баланы автобус басып кетті
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Елордада көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • 12 Тамыз, 2022
ИИДМ басшысы құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
«Жер аманаты» комиссиясының «жедел желісіне» мыңға жуық өтініш түсті
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
Дархан Қыдырәлі Мажарстан Парламентінің арнайы сессиясына қатысты
Әлем • 12 Тамыз, 2022
Кристина Овчинникова Түркиядағы Ислам ойындарында қола иеленді
Жеңіл атлетика • 12 Тамыз, 2022
Атырау облысының Қызылқоға ауданына жаңа әкім келді
Тағайындау • 12 Тамыз, 2022
Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасын қабылады
Президент • 12 Тамыз, 2022
Елордада Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі учаске жабылады
Елорда • 12 Тамыз, 2022
Қазақстанда тұңғыш рет кибер құқық мектебі ашылады
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Елордада «Азия жаңғырығы» фестивалі басталды
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Ұқсас жаңалықтар