Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы № 822
Сәрсенбі, 12 маусым 2013 1:14
2012 жылғы 27 қараша, Астана қаласы
«Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттiк қызмет регламентін бекiту туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Сәрсенбі, 12 маусым 2013 1:14
2012 жылғы 27 қараша, Астана қаласы
«Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттiк қызмет регламентін бекiту туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. ЖҰМАҒАЛИЕВ.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы 27 қарашадағы № 822 бұйрығымен бекітілген
«Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы
куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі заңының 33-бабы 4-тармағына, «Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарын бекіту туралы» (бұдан әрі – Талап) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 677 қаулысына және «Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарының нысандарын, оларды беру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 781 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысымен бекітілген «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленген.
2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар қолданылады:
1) мемлекеттік қызметті алушы – ол заңды және жеке тұлғалар;
2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдар.
3. «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
4. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет:
1) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі заңының 33 – бабының 4 тармақшасы;
2) Стандарттың;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 маусымдағы № 677 қаулысымен бекітілген Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптары.
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 781 қаулысымен бекітілген Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарының нысандарын, оларды беру және жүргізу қағидасы негізінде көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызметті аяқтаудың нәтижесі Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет ақысыз болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет ХҚКО күн сайын сенбіні қоса алғанда дүйсенбіден бастап, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағ.9.00-ден 20.00-ге дейін ұсынылады.
Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажет құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері:
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtc.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);
ХҚКО интернет-ресурсында www.con.gov.kz мекенжайы бойынша;
ХҚКО ғимараттарында орналасқан стенділерінде;
1414 call-орталығында орналастырылған.
11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
12. Мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.
13. Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда бас тартылады.
14. Мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:
1) мемлекеттік қызмет алушы ХҚКО өтініш береді;
2) ХҚКО қызметкері өтінішті тіркеуді жүргізеді, ХҚКО жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды курьер арқылы уәкілетті органға тапсырады.
ХҚКО құжаттар пакетін жөнелту фактісі мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құжаттардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін Штрихкод сканерінің көмегімен белгіленеді;
3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды тіркейді, және басшыға немесе оның орынбасарына қарауға береді;
4) уәкілетті органның басшысы немесе оның орынбасары қарағаннан кейін құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығына/маманына жұмыс үшін жібереді;
5) Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы/маманы құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініштерді қойылатын талаптарға сәйкестігіне қарайды, және Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына жұмыс үшін жібереді;
6) Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы үш жұмыс күні ішінде ХҚКО келген өтінішті қарауды жүзеге асырады, және осы Регламентке 1-қосымша 3-кестесіне сәйкес кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлігі немесе дәлелденген бас тартуды дайындайды, содан кейін уәкілетті органның басшысына қол қоюға жібереді;
7) уәкілетті органның басшысы бір жұмыс күні ішінде кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлікке немесе дәлелденген бас тартуға қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне жібереді;
8) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ХҚКО-ға жібереді.
Уәкілетті органнан мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін қабылдаған кезде ХҚКО Штрихкод сканерінің көмегімен келіп түскен құжаттарды белгілейді;
9) ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін береді.
15. ХҚКО мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын адамдардың ең аз саны 1 адамды құрайды.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-қимылдар
(өзара іс-қимылдар) сипаттамасы
16. ХҚКО құжаттарды қабылдау ХҚКО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген операциялық залда кедергісіз қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алушыға ХҚКО құжаттарды қабылдау кезінде мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі:
сұрау салуды қабылдау нөмірі және күні;
сұратылатын мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
құжаттардың берілген күні (уақыты) және орындары;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚКО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
Мемлекеттік қызметті алушының аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде мынадай ҚФБ іске қосылған:
1) ХҚКО қызметкері;
2) ХҚКО жинақтау бөлімінің қызметкері;
3) уәкілетті орган (оның филиалы) кеңсесінің қызметкері;
4) уәкілетті органның басшысы не оның орынбасарлары;
5) су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы/ көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімінің бастығы;
6) су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы/ көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімінің маманы;
7) курьер.
18. Әрбір ҚФБ бірізділігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы және әрбір әкімшілік іс-қимылын орындау мерзімін көрсетумен әкімшілік іс-қимылдардың өзара іс-қимылдары (рәсімдері) осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-қимылдардың логикалық біркелкілігі арасындағы схема және ҚФБ осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
20. Мемлекеттік қызмет алушының өтініші осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес рәсімделеді.
«Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымша
1-кесте. ҚФБ іс-әрекетін сипаттау
Негізгі үдерістің іс-әрекеті
№ іс-әрекет 1 2 3 4 5
ҚФБ атауы ХҚКО қызметкері ӨКБИ кеңсесі
(ӨКБИ филиалы) ӨКБИ бастығы немесе оның орынбасарлары Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы
Іс-әрекеттің атауы және оның сипаты Кемелер экипаж-
дарының ең аз құрамы туралы куәлік беру бойынша құжат-
тардың тиісті тізбесін және өті-
нішін қабылдау; өтінішті қарау; тіркеу журналына өтінішті тіркеу; уәкілетті органға толық құжаттар тізбесін және өтінішін жіберу. Кемелер экипаждары-
ның ең аз құрамы туралы куәлік беру бойынша құжаттар-
дың тиісті тізбесін және өтінішін қабыл-
дау, тіркеу журналына өтінішті тіркеу, соны-
мен қатар өтініштің төменгі оң бұрышына кіріс нөмірі және түс-
кен мерзімі көрсетіл-
ген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртабаны қойылады Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлігін беру туралы өтінішін қарау Ұсынылған құжаттар тізбесі қойылатын талаптардың сәйкестігін қарау, кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беруді келісу
Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлікті беру кітабына тиісті жазбаны енгізу, кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлікті рәсімдеу.
Аяқталу нысаны Тіркеу журналына өтінішті тіркеу; уәкілетті органға құжаттарды жіберу Жауапты орындаушының және орындау мерзімі қамтылған қарары бар құжаттар Тіркеу кітабына жазу, кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлікті рәсімдеу
Орындау мерзімі 20 минут 1 күн 1 күн 3 күн
Келесі іс-әрекеттің нөмірі 6 7 8
ӨКБИ бастығы немесе оның орынбасарлары ӨКБИ кеңсесі
(ӨКБИ филиалы) ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері
Іс-әрекеттің атауы және оның сипаты Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікке қол қою Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті ХҚКО курьер арқылы беру Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру
Аяқталу нысаны Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлікке қол қойылған Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік
Орындау мерзімі 1 күн 1 күн
2-кесте. Қолдану нұсқалары. Негізгі үдеріс.
Негізгі үдеріс
ХҚКО қызметкері ӨКБИ кеңсесі
(ӨКБИ филиалы) ӨКБИ бастығы немесе оның орынбасарлары Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы
Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру бойынша құжаттардың тиісті тізбесін және өтінішін қабылдау; өтінішті қарау; тіркеу журналына өтінішті тіркеу;уәкілетті органға толық құжаттар тізбесін және өтінішін жіберу. Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру бойынша құжаттардың тиісті тізбесін және өтінішін қабылдау, тіркеу журналына өтінішті тіркеу, сонымен қатар өтініштің төменгі оң бұрышына кіріс нөмірі және түскен мерзімі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртабаны қойылады Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлігін беру туралы өтінішін қарау Ұсынылған құжаттар тізбесі қойылатын талаптардың сәйкестігін қарау, кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беруді келісу Беру кітабына тиісті жазбаны енгізу, кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлікті рәсімдеу.
Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлікті ХҚКО курьер арқылы беру Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікке қол қою
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.
Баламалы үдеріс немесе кеңейту
ХҚКО қызметкері ӨКБИ кеңсесі
(ӨКБИ филиалы) ӨКБИ бастығы немесе оның орынбасарлары Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы
Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру бойынша құжаттардың тиісті тізбесін және өтінішін қабылдау; өтінішті қарау; тіркеу журналына өтінішті тіркеу;уәкілетті органға толық құжаттар тізбесін және өтінішін жіберу. Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру бойынша құжаттардың тиісті тізбесін және өтінішін қабылдау, тіркеу журналына өтінішті тіркеу, сонымен қатар өтініштің төменгі оң бұрышына кіріс нөмірі және түскен мерзімі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртабаны қойылады Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлігін беру туралы өтінішін қарау Ұсынылған құжаттар тізбесі қойылатын талаптардың сәйкестігін қарау, кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беруді келісу
Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлігін берудің бас тарту туралы жазбаша қорытындысын рәсімдеу
Егер құжаттар тізбесін толықсыз ұсынғанда тіркеу журналына тиісті жазба енгізіп және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаппен құжаттарын қайтару.
7-1. Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлігін беруден бас тартудың жазбаша қорытындысын өтініш берушіге жіберу 7. Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлігін беруді бас тарту туралы жазбаша қорытындыны ХҚКО жіберу 6. Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлігін берудің бас тарту туралы қорытынды жазбаға қол қою
«Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламентіне
2 – қосымша
Функционалдық әрекеттесудің диаграммасы
Мемлекеттік қызмет көрсетудің үдерісі
ХҚКО қызметкері ӨКБИ кеңсесі
(ӨКБИ филиалы) ӨКБИ бастығы немесе оның орынбасарлары Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы
«Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламентіне
3 – қосымша
_________________________________бастығына
(Комитеттің аумақтық органының атауы)
__________________________________
(Т.А.Ә)
________________________________,
(Т.А.Ә)
Тұратын мекенжайы:
Өтініш
Сізден кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлігін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуіңізді сұраймын
_______________________________________________________________
(кемені тіркеген порт және кеме атауы)
20__ жылғы ______________ __________________
(қолы )
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 10 желтоқсанда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8148 болып енгізілді.