Қазақстан • 14 Қараша, 2019

Бакуде грэплингтен қолаға қол жеткізді

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Аслан Бақыткалиев грэплингтен өткен әлем чемпионатында қола медалді жеңіп алды. Бұл туралы Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметінен Ы.Рамазан хабарлады.

Бакуде грэплингтен қолаға қол жеткізді

Әзербайжан астанасы Бакуде 8-9 қарашада ұйымдастырылған жарыс жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасында өтті.

Жас спортшы жасөспірімдер арасында 53 келіде бақ сынасып, екі кездесу өткізген.

Менің салмақ дәрежемде 10 спортшы болдық. Алғашқы кездесуде әзірбайжан спортшысы Гейдар Хагвердилиді (Heydar  HAGVERDILI) ұттым. Ал жартылай финалда ресейлік Темірлан Қараочевпен кездестім. Бірақ ұрыс мен үшін сәтсіз болды,  дейді Аслан.

Айта кету керек, Аслан грэплингпен өткен жылдан айналыса бастаған. Оның қызығушылығы «Lions Fight club» спортшылары өз мүмкіндіктерін теңіз жағалауында таныстырғаннан кейін пайда болған.

-Бапкерім Ислам Долгатов ерекше қызығушылығымды байқап, жарыстарға дайындай бастады. Маған қолдау білдірген ата-анама, бапкеріме, мектебіме алғысым шексіз. Бұдан да биік белестерді бағындыруға тырысамын, дейді қола жүлдегер.

Аталған жарысқа Қазақстаннан 120 спортшы аттанды. Оның 19-ы маңғыстаулық. Жалпы есеп бойынша маңғыстаулық боксшылар 3 алтын, 1 күміс, 6 қола медальмен оралды.