Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы №826
Сәрсенбі, 12 маусым 2013 1:17
2012 жылғы 27 қараша, Астана қаласы
«Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет регламентін бекiту туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.
Сәрсенбі, 12 маусым 2013 1:17
2012 жылғы 27 қараша, Астана қаласы
«Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет регламентін бекiту туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. ЖҰМАҒАЛИЕВ.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы 27 қарашадағы № 826 бұйрығымен бекітілген
«Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
мемлекеттiк қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 26-бабына, «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысына (бұдан әрі – Қағида), «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 қаулысымен бекітілген «Шағын көлемді кемелерді мемлекеттiк тiркеу туралы» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленген.
2. Осы регламентте мынадай ұғымдар қолданылады:
1) мемлекеттік қызметті алушы – жеке және заңды тұлға;
2) құрылымдық-функциялық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелердің мемлекеттік органдары.
3. «Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет:
1) «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 26-бабының;
2) Стандарттың;
3) Қағиданың негізінде көрсетіледі.
6. Мемлекеттiк қызметті көрстеу нәтижесі кеме билетiн немесе кеме билетiнің телнұсқасын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап беру болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады және Стандарттың 8-тармағының негізінде көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
8. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетiледi.
9. Мемлекеттік қызмет ХҚКО арқылы демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбі күнін қоса алғанда, күн сайын белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін көрсетіледі.
Қабылдау «электрондық» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпаратты, сондай-ақ олардың толтыру үлгілері:
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtс.gov.kz («Көлiктiк бақылау комитетi» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде);
ХҚКО интернет-ресурсында www.con.gov.kz мекенжай бойынша;
ХҚКО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
1414 call-орталығында орналастырылған.
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттар ұсынады.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.
13. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда кеме билетін немесе кеме билетінің телнұсқасын беруден бас тартылады.
14. Мемлекеттік қызметті алушы өтінішпен келген сәттен бастап, мемлекеттік қызметтің нәтижелерін оған бергенге дейін мемлекеттік қызметті көрсетудің кезеңдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы ХҚКО өтініш береді;
2) ХҚКО қызметкері өтінішті тіркеуді жүргізеді, ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері құжаттарды уәкілетті органға береді.
Құжаттарды ХҚКО уәкілетті органға жөнелту фактісі мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құжаттардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін штрихкод Сканердің көмегімен тіркеледі;
3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде алынған құжаттарға тіркеу жүргізеді және басшыға не оның орынбасарына қарауға береді;
4) басшы не оның орынбасары қарағаннан кейін, құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығына/маманына тапсырады;
5) су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде өтінішті ұсынылатын талаптар сәйкестігіне қарайды және су көлігінде бақылау бөлімінің маманына тапсырады;
6) су көлігіндегі бөлімінің маманы төрт жұмыс күн ішінде ХҚКО түскен өтінішке қарауды жүзеге асырады және кеме куәлігін немесе кеме куәлігінің телнұсқасын ресімдеуге немесе дәлелденген бас тарту дайындайды, содан кейін уәкілетті орган басшысына қол қоюға жібереді;
7) уәкілетті органның басшысы бір жұмыс күн ішінде кеме куәлігіне немесе кеме куәлігінің телнұсқасына немесе дәлелденген бас тартуға қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне жібереді;
8) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері қызмет көрсету нәтижесін ХҚКО-ға жолдайды;
уәкілетті органнан мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін алу кезінде ХҚКО түскен құжаттарды штрихкодты Сканердің көмегімен тіркейді.
9) ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет алушыға ұсынады.
15. ХҚКО мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын адамдардың ең аз саны бір қызметкерді құрайды.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер
(өзара іс-қимыл) сипаттамасы
16. ХҚКО қызметкерінің тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетілген «тосқауылсыз қызмет көрсету» арқылы ХҚКО құжаттарды қабылдау операциялық залында жүзеге асырылады.
ХҚКО құжаттарды қабылдаған кезде мемлекеттік қызметті алушыға мыналар көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:
сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
құжаттарды ресімдеу үшін өтінішті алған ХҚКО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты;
мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты және әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты және әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне келесі ҚФБ іске қосылған:
1) ХҚКО қызметкері;
2) ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері;
3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері;
4) уәкілетті органның басшысы не оның орынбасары;
5) су көлігіндегі бақылау басқармасының бастығы;
6) су көлігіндегі бақылау басқармасының маманы;
7) курьер.
18. Осы Регламентке 1-қосымшада әрбір әкімшілік іс-әрекетті орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдерінің) реті мен өзара іс-қимыл жасасуының кестелік сипаттамасы келтірілген.
19. Осы Регламентке 2-қосымшада мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-қимылдардың қисынды реті мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы келтірілген.
20. Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес рәсімделеді.
«Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымша
1-кесте. ҚФБ іс-әрекетін сипаттау
Жалпы үдерістің іс-әрекеті
Іс-әрекеттің № 1 2 3 4 5 6
ҚФБ-ң атауы ХҚКО қызметкері ХҚКО жинақтаушы қызметкері Уәкілетті органның кеңсе қызметкері Уәкілетті органның басшысы не оның орынбасары Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы Су көлігіндегі бақылауды жүзеге асыратын маман
Іс-әрекеттің атауы және оның сипаты Өтінішті қабылдау және тіркеу Құжаттарды уәкілетті органға беру Алынған құжаттарды тіркеу Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті қарау Ұсынылған құжаттар тізбесін талап сәйкестілігіне қарау Ұсынылған құжаттар тізбесін талап сәйкестілігіне қарау. Кеме билетін немесе кеме билетінің телнұсқасын ресімдеу
Аяқталу нысаны Орындау мерзімі мен жауапты орындаушы көрсетілген қарары бар құжаттар Орындау мерзімі мен жауапты орындаушы көрсетілген қарары бар құжаттар Ресімделген кеме билеті немесе кеме билетінің телнұсқасы
Орындау мерзімі 1 күн 1 күн 1 күн 4 күн
Іс-әрекеттің атауы және оның сипаты Өтініш берушіге кеме билетін немесе кеме билетінің телнұсқасын беру Кеме билетін немесе кеме билетінің телнұсқасын ХҚКО жіберу Кеме билетіне немесе кеме билетінің телнұсқасына қол қою
Аяқталу нысаны Кеме билеті немесе кеме билетінің телнұсқасы Қол қойылған кеме билеті немесе кеме билетінің телнұсқасы
Орындау мерзімі 2 күн 1 күн
2-кесте. Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі үдерісі
Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі үдерісі
ХҚКО қызметкері ХҚКО жинақтаушы қызметкері Уәкілетті органның кеңсе қызметкері Уәкілетті органның басшысы не оның орынбасары Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы
1. Өтінішті қабылдау және тіркеу 2.Құжаттарды уәкілетті органға беру 3. Алынған құжаттарды тіркеу 4. Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті қарау 5. Ұсынылған құжаттар тізбесін талап сәйкестілігіне қарау 6. Ұсынылған құжаттар тізбесін талап сәйкестілігіне қарау және кеме билетін немесе кеме билетінің телнұсқасын ресімдеу
9. Өтініш берушіге кеме билетін немесе кеме билетінің телнұсқасын беру 8. Кеме билетін немесе кеме билетінің телнұсқасын ХҚКО жіберу 7. Кеме билетіне немесе кеме билетінің телнұсқасына қол қою
3-кесте. Мемлекеттік қызмет көрсетудің балама үдерісі
Мемлекеттік қызмет көрсетудің балама үдерісі
ХҚКО қызметкері ХҚКО жинақтаушы қызметкері Уәкілетті органның кеңсе қызметкері Уәкілетті органның басшысы не оның
орынбасары Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы
1. Өтінішті қабылдау және тіркеу 2.Құжаттарды уәкілетті органға беру 3. Алынған құжаттарды тіркеу 4. Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті қарау 5. Ұсынылған құжаттар тізбесін талап сәйкестілігіне қарау 6. Ұсынылған құжаттар тізбесін талаптарына сәйкес емес немесе жетіспеген жағдайда өтініш берушіге құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.
Өтініш берушінің талабы бойынша оған құжаттарды қабылдаудан бас тартудың дәлелденген жазбаша растау қағазын береді.
9. Шағын көлемді кеме билетін беруден бас тарту туралы жазбаша шешімін өтініш берушіге беру 8. Шағын көлемді кеме билетін беруден бас тарту туралы жазбаша шешімін ХҚКО жіберу 7. Құжаттарды қабылдаудан бас тартудың дәлелденген жазбаша растау қағазына қол қою
«Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламентіне 2-қосымша
Функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
Мемлекеттік қызмет көрсету процессі
ХҚКО қызметкері ХҚКО жинақтаушы қызметкері Уәкілетті органның кеңсе қызметкері Уәкілетті органның басшысы не оның орынбасары Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы
«Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламентіне 3-қосымша
__________________________________
(Уәкілетті органның атауы)
БАСТЫҒЫ
_________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
тұрғылықты мекен-жайы:
__________________________________
(мекенжайы)
Өтініш
Шағын көлемді кемені артық қосып жазуға қабылдауыңызды сұраймын.
__________________________________________________________________жататын кеме
(ұйымның атауы, заңды тұлғаның мекенжайы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, туылған жылы, тұрғылықты мекенжайы, жұмыс орны, тел.)
Кеме түрі__________________________________ Кеме № ________________________
Корпустың материалы __________________________________________________________
Ұзындығы, м _______________ Ені, м _______________ Борт биіктігі, м _____________
Шөгінуі: бос ________________________ толық жүкпен _______________________
Салынған жылы және орны ________________________________________________
Жолаушылар сыйымдылығы (адам) _____________ (жүксіз) Жүк көтергіштігі __________ Құтқару жабдықтары ______________________________________________
Су төгу құралы______________________ Белгі беру құралы__________________
Зәкірлік қондырғысы ________________ Өртсөндіргіш құрал-жабдығы ________________
Қозғалтқыш маркасы __________________ Қуаты_____________________ № ___________
Салынған жылы және орны ____________ Қозғаушы: түр _________ Саны ________
Жүзу ауданы __________________________________________________________________
Кеме тұратын орын ____________________________________________________________
«____»__________20__ ж _________________
(қолы)
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 10 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8155 болып енгізілді.