Қазақстан • 14 Қараша, 2019

Жер мәселесі жайлы отырыс өтті

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жер мәселесі  жайлы отырыс өтті

Тақырып «Жергілікті атқарушы органдармен кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелерін табыстау кезінде орын алған заңбұзушылықтар және олардың алдын-алу мәселелері» жайлы болды.

Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарып алу туралы 254 талап арызды сотқа жолдаған.

Нақтылап айтар болсақ, ауылшарушылық мақсатындағы жерлерді конкурс арқылы табыстау кезінде, жергілікті атқарушы органдар конкурстың болатыны туралы ақпаратты газет басылымында жариялап, әкімшіліктің интернет-ресурсында жарияламады деген негізбен Маңғыстау ауданы бойынша 38, Мұнайлы ауданы бойынша 12 жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы талап қойды.

Алайда соттың шешімдерімен барлық жер телімдері кәсіпкерлердің иелігінде қалды.

-Кәсіпкерлер палатасына жер мәселесі бойынша хабарласатында көп. Арызданушылардың 30% жер туралы болып келеді. Ақпаратты дұрыс жарияламауды болашақта болдырмау жолдарын табуымыз керек. Сондай-ақ кәсіпкерлердің жер телімдерін бас жоспарға қостыру мәселесін де шешуіміз қажет, деп түйіндеді Қатысушылардың қызу талқысына түскен мәселені ӨКП директоры Нұрбек Қарасаев.

Кеңеске қатысушылар облыс басшысының қатысуымен өтетін басқосуда интернет ресурстарда хабарландыруды орналастыру сатыларын жария көрсету және геокартаны пайдалану тәртібін талқылайтын болып келісті.