Аймақтар • 15 Қараша, 2019

Маңғыстауда донорлар қайырымдылық акциясын өткізді

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Маңғыстау облысы бойынша филиалы қызметкерлері «Қан тапсырып, өмір сүруге үміт сыйла» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Акцияның басты мақсаты - донорлық қанға мұқтаж жандарға көмектесу.

Маңғыстауда донорлар қайырымдылық акциясын өткізді

- Донорлық қан тапсыру – жақсылық жасаудың ең оңай жолы. Сізден көп уақыт пен күшті талап етпейтін, бірақ өмір сүруге мүмкіндік беретін – ең маңызды сыйлық. Біз қан тапсыру арқылы біреудің өмірін сақтап қалатынымызға және басқаларға үлгі боламыз деген сенімдеміз, деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Маңғыстау облысы бойынша филиалының PR-менеджері Бағила Жарланова.

Корпорация қызметкерлері жыл сайын осындай қайырылымдылық акцияларын өткізеді. Оған қоса, қызметкерлер арасында тұрақты донорлар бар.

Айта кететін жағдай, қан донорларының әрбір тобы үшін дәрігердің ұсынысы бойынша алдын ала дайындық жүргізіледі, сондай-ақ бұрын ауырған аурулар бойынша зертханалық талдаулар мен дәрігердің кеңестері орындалуы міндетті. Медициналық тексеруден өткен әрбір донор 350-ден 450 мл-ге дейін қан тапсыра алады.