Конкурсқа республиканың 3 облысы мен 2 қаласынан, атап айтқанда Атырау облысынан 6, Ақтөбе облысынан 4, Қызылорда облысынан 1, Маңғыстау облысынан 10 үміткер, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласынан 2, Алматы қаласынан 4 үміткер қатыспақ.
Қазақ елінің тарихындағы бойларына өзіндік үн-әуен, ырғақ-иірім, орындаушылық сыр-сипат, рухани ағартушылық-қайраткерлік т.б. алуан өнерді сыйдыра білген қайталанбас дара құбылыс иелері – Адайдың жеті қайқысының тарихи, тұлғалық рөлін республика көлемінде айқындап, рухани мұраларын жас орындаушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатындағы байқауға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, дәстүрлі әнші А.Қосанова, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, әнші, термеші Ә.Жұмағалиев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Е.Рысқали, ҚР Мәдениет саласының үздігі, дәстүрлі әнші А.Ерімбетова, Өнер зерттеуші, жыршы-термеші А. Өтешов, жыршы, күйші Е.Еміл сынды танымал өнер иелері қазылық етпек.