Руханият • 16 Қараша, 2019

«Мұхиттан қалмыш теңіз-жыр» атты жыршылар байқауы өтеді

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұрын жырау Сеңгірбекұлының 160 жылдығына арналған «Мұхиттан қалмыш теңіз-жыр» атты республикалық жыршылар конкурсы Маңғыстау облысы әкімінің қолдауымен Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында өтеді.

Конкурсқа Батыс Қазақстан облысынан 1, Қызылорда облысынан 2, Маңғыстау облысынан 5, Нұр-Сұлтан қаласынан 4 үміткер қатысуға ниет білдірді.

Қазақ халқының теңдессіз эпопиялық шығармасы «Қырымның қырық батыры» жыры мен оны осы заманға бірден-бір толық жеткізуші, даңғайыр жырау Мұрат Сеңгірбекұлының есімін жас орындаушылар арасында кеңінен насихаттау және орындаушылардың арасынан жаңа есімдерді анықтау, олардың кәсіби шеберліктерін жетілдіру мақсатындағы байқауға есімі Маңғыстауға және республикаға танымал белгілі жыршы-термешілер қазылық етеді.