Аймақтар • 16 Қараша, 2019

Полицейлер шағынаудандарда қабылдау акцияларын жүргізуде

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Қалдымұрад Айғарақовтың және Ақтау қаласының учаскелік полиция инспекторларының қатысумен шағынаудан тұрғындары үшін «Аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциясы ұйымдастырылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейлер шағынаудандарда қабылдау акцияларын жүргізуде

Шара барысында тұрғындардың арыз-шағымдарын, ұсыныстарын тыңдап, шешу жолдары қарастырылып, бірқатар кеңес берілді. Тұрғындардың басым көпшілігі аулада бейнекамера орнату жолдары, көліктерді дұрыс тұраққа орналастыру заңдылығы, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мәселелер және жаяу жүргіншіге арналған жаяу жүргіншілер жолын салу, ауладағы қаңғыбас иттерден сақтану жөнінде инспекторлармен сұрақ-жауап алмасты.

Тұрғындар полицияның жұмысын жақсарту мақсатына қосар ұсыныс анкетасын белсене толтырып, бұл шараның тиімділігін айтып, Ақтау қалалық Полиция басқармасының бірінші орынбасарына алғыстарын білдірді.
Полиция департаменті мен Ақтау қаласы ПБ фронт- офисінде сұрағына жауап іздеген бірнеше тұрғын Маңғыстау облысы ПД басшысының міндетін атқарушы полиция полковнигі Халмурадов Амангелді Хайырмухамедұлымен тікелей кездесіп, тұрғындардың бірқатары өз мәселесін шешуге тиімді жол тапты.

Жаңа технологияның дамуымен Департаменттің арнайы тікелей әлеуметтік желілерінен де көптеген сұрақтар түсіп, жүгінушілерге жауаптар жолданды.

Акция Ақтау қаласындағы шағынаудандарда жалғасуда.