Аймақтар • 17 Қараша, 2019

Тұрғындар полицейлермен тікелей жүздесіп, сұрақтарын қойды

191 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Полиция департаменті басшысының міндетін атқарушы полиция полковнигі А. Халмурадов Департаменттің фронт-кеңсесінде азаматтарды қабылдады. «Жолда қабылдау» республикалық акциясы барысында өткізілген шара туралы Маңғыста облыстық полиция департаменті баспасөз қыметінен хабарлады.

Тұрғындар полицейлермен тікелей жүздесіп, сұрақтарын қойды

Акцияға Әкімшілік полиция басқармасының, Жергілікті полиция қызметінің басшылығы, қызметкерлері қатысты. Шара департаменттің ресми әлеуметтік желілердегі аккаунттары арқылы тікелей эфирде жүргізілді. Сондай-ақ, қоғам белсенділері қатысып, «Фейсбук» әлеуметтік желісі арқылы желі пайдаланушылардан тікелей эфирде келіп түскен сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, А.Халмұрадов, Ақтау қаласы ПБ бірінші орынбасары Қ.Айғараков және учаскелік полиция инспекторлары Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесіп, республикалық «Аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акцияларын жалғастырды. Шара барысында тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстарына арнайы талдау жүргізген полиция қызметкерлері шағын ауданда халықтың қаншалықты тығыз орналасқандығын, көппәтерлі тұрғын үйлердің саны мен «Қауіпсіз аула» қалалық бағдарламасын жүзеге асыру кезіндегі тәжірибе жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

-Бейнебақылау жүйелерінің дамуы — заңбұзушылықтың алдын алудың ең тиімді әдісі. Аулаларда, уй маңына бейнекамера орнату - қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бейнекамера орнатылған шағын аудандарда қылмыс саны, құқықбұзушылық азайған. Камераның маңыздылығын түсініп, бір ауыздан қондыруға ұсыныс бергендеріңіз - өз отбасыңыз бен қоғамға жауапкершілікпен қарағандығыңыз деп білеміз, деді Департамент басшылығы.


Көпшіліктің негізгі сұрағы аулаға бейнекамера қондыру жөнінде болды. Учаскелік инспекторлар бейнебақылау жүйесінің тиімділігін тұрғындарға нақты мысалдармен яғни, қандай қылмыстардың ашылғанын айта отырып түсіндірді.
Қысқа мерзім ішінде Ақтау қаласындағы шағынаудандар, яғни 12, 13,14,15, 22, 26, 27, 28, 29,31,32а, 29а, «Шығыс» шағын аудандар мен Өмірзақ елдімекендерінде өткен «Қауіпсіз аула», «Жолда қабылдау» жобалары өзінің тиімділігін көрсетті.