Аймақтар • 18 Қараша, 2019

Онкологтар Мұнайлыда тегін тексеру өткізді

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінің мамандары 16 қараша күні ұйымдастырылған Мұнайлы ауданының тұрғындарын тегін тексеру барысында 80-нен астам адамды қарап шықты. Бұл туралы диспансер басшылығы хабарлады.

Ашық есік күні Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының (АОА) мамандарымен бірлесіп, аудандық емхана базасында өткізілді.

Онколог, хирург, маммолог, гинеколог мамандарына 82 адам қаралды. Сүт безінің ультрадыбыстық зерттеуінен 19 әйел, бүйрек – бір аудан тұрғыны, қалқанша безі - үш адам өтті. Онкопатологияға күдікті жеті оқиға анықталды: төрт сүт безі обыры, үш жатыр мойны обыры. АОА персоналына ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің мамандары онкопатологияны тексеру және анықтау жұмыстары бойынша әдістемелік көмек көрсетті.

Бұған дейін облыстық онкодиспансер базасында Ашық есік күндері 400-ден астам тұрғын қаралып, 30-ға жуық онкопатология оқиғасы анықталды.

 

 

Маңғыстау облысы