Аймақтар • 19 Қараша, 2019

Дәрігерлерге сертификаттар табысталды

219 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалы денсаулық саласының қызметкерлеріне тұрғын үй, жас мамандарға және мүмкіншілігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған медициналлық қызметкерлерге қайырымдылық және қаржылай сертификаттар табыстады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.  

Дәрігерлерге сертификаттар табысталды

-Мемлекеттің еңбек қатынастарын жетілдіру мәселелерінің негізгі әріптестерінің бірі – кәсіподақтар. Кәсіподақ – қоғам дамуының ажырамас бөлігі. Жұмыскерлердің өнімді еңбек етуіне жағдай туғызу бірінші кезекке қойылатын, сол қоғамда кәсіподақтардың атқарар шаруалары ұшан-теңіз.

Құрылғанына биыл 1 жыл толған «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалы құрамына облыс бойынша 8139 адамнан тұратын 24 бастауыш кәсіподақ ұйымын біріктіреді. Жұмыс барысында аумақтық филиал «Кәсіподақтар туралы» Заңға және өзінің бекітілген «Жарғысына» сүйеніп жұмыс атқарып келеді. Яғни, бұл еңбек заңдылықтарын сақтау, еңбек қауіпсіздігі, басқа да еңбек жағдайларына байланысты өзекті мәселелерді ұдайы назарда ұстау, өмір деңгейі, отбасы бюджеті, кадрларды кәсіптік дайындау және білімін жетілдіру және басқа сұрақтар бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады және мемлекет саясатының әлеуметтік бағытта болуына атсалысу, кәсіподақ мүшелеріне дәрігерлік және зейнетақылық, қамсыздандыру, санаторлық-курорттық емдеу, демалыс ұйымдастыруға және басқа мамандығын арттыру мен басқада көмек көрсету болып табылады.

Аумақтық кәсіподақ филиалы жастармен жұмысқа ерекше көңіл бөлуде. Бұл ретте жас мамандарды ынталандыру, оларды аға буынның үлгісінде қалыптастыру басты назарда ұсталады. Кәсіподақ құрамының 40%-ін 35 жасқа дейінгі жастар құрайды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 5 наурыз 2018 жылғы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» атты бірінші бастамасында ұсынған «7-20-25» бағдарламасын іске асыру және денсаулық саласының жас мамандарын қолдау мақсатында, «Senim» кәсіподағының атынан Республика бойынша тұрғын үй сатып алуға 25 тұрғын үй сертификаттары табыс етілді. Соның ішіде өңіріміздің 3 дәрігері мен медбикесіне 5 800 000 теңгеге жуық көлемде сертификаттар табысталды. Мұнымен тоқтамай, «ҚР кәсіподақтар күні» қарсаныңда «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ бастамасымен филиал 6 қызметкерге 250 000 теңгеден ақшалай сертификаттар табыс етті.

«Азаматтық қоғамның тірегі болғандықтан, мемлекеттік саясатты одан әрі дамыту барысында, Елбасымыздың ұстанған сарабдал саясатымен өз тарапымыздан алға қойған мақсаттарымызды жүзеге асыру үрдісін жалғастырудамыз, деді филиал төрайымы Нұрпеисова Дина Бахытжанқызы.