Аймақтар • 19 Қараша, 2019

Қазақстанда -38 аязға төзімді дизель отынын өндіру қолға алынды

172 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компанияларына тобына кіретін Атырау мұнай өңдеу зауыты ең төменгі сүзгіден өту температурасы – минус 38С градус аязға төзімді дизель отынын шығару мен тиеуді бастады. Бұл туралы компанияның жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлады.

Қазақстанда -38 аязға төзімді дизель отынын өндіру қолға алынды

- «Қазақстанның көптеген аймақтарында қыс мезгілі өте суық болатынына байланысты бұл отын түрі отандық тұтынушылар арасында кеңінен сұранысқа ие болады. Алғашқы партиясы Атырау мұнай өңдеу зауытынан 14 қарашада жөнелтілді. Бүгінгі күні 3088 тоннасы тиелді. Атырау МӨЗ-і қараша айында барлығы 3500 тоннаны жөнелтуді жоспарлап отыр, - деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және маркетингі жөніндегі орынбасары Данияр Тиесов.

Khazar -38 дизель отыны – зауыт үшін де, бүкіл Қазақстан үшін де бірегей өнім. Ол К5 экологиялық санатқа сәйкес келеді, яғни құрамында күкірт пен парафиндері жоқтың қасы және төмен температураның ерекшеліктеріне әсер ететін қоспалары жоқ. Бұл – технологиялық процестің таза өнімі.

Қазақстанда осындай қату деңгейі төмен отын терең өңдеу кешенінің Prime D дизель отынын гидротазалау және депарафинизациялау қондырғысында ғана өндіріледі.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың соңында АМӨЗ жаңа мұнай өнімдерінің бірнеше түрін шығара бастады: К5 экологиялық санатынан сүзудің шекті температурасы -25 болатын дизель отынын және сүзудің шекті температурасы -32 болатын дизель отынын (Khazar). Бұл ауқымды жаңғырту аясында салынған мұнайды терең өңдеу кешенінің жаңа қондырғыларын іске қосудың арқасында мүмкін болды. Осылайша, бүгінде АМӨЗ қысқы дизель отындарының келесі түрлерін өндіруге мүмкіндігі бар: сүзудің шекті температурасы -15С,-25С, -32С, -38С болатын дизель отындары.