Шараны «Қолдау-Қазақстан» КЕКСХ мен Қарақия аудандық әкімдігі ұйымдастырды. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған оқушылардың туындысын кәсіби мамандар бағалап, жүлделі орындарды белгіледі.
5-сынып оқушысынан бастап, колледж студенттері де бар сурет байқауына оқушылар өте жақсы дайындықпен келген. Әділқазылар алқасы әр суреттің айтар ойын, боялар нақышын, көтерген тақырыбын таразылап, жүлдегерлер туралы шешім шығарды.
Алғашқы үш орынға бағалы сыйлықтар ұсынылды. Ал барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.
Байқаудың бір ерекшелігі – жүлдегер шығармаларды көпшілік орындарға, көрнекі жерлерге баннер ретінде орналастыру ұсынылды.