Аймақтар • 21 Қараша, 2019

Нұрлан Ноғаев: «Қоғамдық тәртіпті сақтау - міндет»

192 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

20 қарашада Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, - деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникацияларқызметі.

Нұрлан Ноғаев: «Қоғамдық тәртіпті сақтау - міндет»

Комиссияда Индер, Жылыой және Махамбет аудандарыәкімдерінің баяндамалары тыңдалды. Талқыланған негізгімәселелер – кәмелетке толмағандар тарапынанқұқықбұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікжәне мал ұрлығымен күрес.  

Тұтастай алғанда, құқықбұзушылықтардың алдын алужұмыстары аудандарда тиісті деңгейде жүргізілуде. Алайда, проблемалық тұстар да бар. Мәселен, малды бақылаусызжайғаны үшін мал иелерінің әкімшілік жауапкершілігінкүшейту ұсынылып отыр. Жергілікті атқарушы органдармен қауіпсіздік сақшыларының қызметіндегі тағы бірмаңызды мәселе - кәмелетке толмағандар жасайтынқұқықбұзушылықтар. Бұл үшін оқу орындарында, отбасында үлкен жұмыс жүргізілуі тиіс. Қоғамдық жерлердеболатын бұзушылықтар – спирттік ішімдіктер ішу, ортақ пайдаланылатын жерлерді ластау, кәмелетке толмағандарғаспирттік ішімдіктер сату – бұл мәселелермен тек полиция қызметкерлері айналыспауы керек.

-Біз мынаны ұғынуымыз керек: азаматтардың өздері бұл іске белсенді қатыспай, қоғамдық тәртіпті қорғап, қоғамныңқауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңдылықты сақтап, құқықтықтәртіпті нығайту мүмкін емес , - деді Нұрлан Ноғаев.

Облыстық білім беру және жастар саясаты мәселелеріжөніндегі басқармалардың басшылары жасөспірімдерарасындағы құқықбұзушылықтарды азайту шаралары туралы ақпарат берді. Жалпы, кәмелетке толмағандарарасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтарды азайту, олардың алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру – қазіргі  қоғамдағы неғұрлым өзекті, әлеуметтік маңыздымәселенің бірі екені сөзсіз.                                

Өйткені, бүгін түрлі өмірлік жағдайлардың себебінен терісықпалдың әсеріне бейім жасөспірімдердің «тәуекелдіктоптары» көбейіп келеді. Комиссия мүшелерінің пікірінше, кәмелетке толмағандардың арасындағықұқықбұзушылықтардың алдын алу үшін, бұндайжұмыстарға отбасын, жасөспірімдердің ең жақын ортасынтарту қажет. Ал, кәмелетке толмағандардыңқұқықбұзушылықтарының басты себебі – олардың рухани тәрбиесіндегі олқылықтар.

Атырау облысы полиция департаментінің басшысы кәмелетке толмағандарды түнде ойын-сауық орындарындаболдырмау, оларға алкогольдік және темекі өнімдерінсатқызбау, мектеп инспекторларының жұмысын күшейтушаралары туралы баяндады.                

Комиссияда мал ұрлау, заңсыз мал сою және ветеринариялық қызметтің осыған бақылау жасау мәселесіде қаралды. Көп жағдайда бұған малдың бақылаусызжайылуы себеп болып отыр, мал ұрлаушылар осыныпайдаланады. Көбінесе, үй жануарлары қараусызжайылымдардан жоғалып кетеді, бұл – мал иелерінің кінәсі. Қазір малды бақылаусыз жайғаны үшін мал иелерініңәкімшілік жауапкершілігін заңнамалық негізде бекітумәселесі қаралуда.

 

Айта кетейік, «Ветеринария туралы» Заңда жеке және заңдытұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларынидентификациялау бойынша міндеттемелері қаралған.

Ведомствоаралық комиссияның отырысын қорытындылайкеле, өңір басшысы комиссия мүшелерінің пікірлерін ескереотырып, нақты ұсынымдар жасақтауды тапсырды.

Бұдан бөлек, отырыс кезінде аталған кемшіліктер мен ескертпелерді хаттамаға енгізіп, оларды түзету үшіннәтижелі жұмыс жүргізуді тапсырды.