Алқалы жиынға қатысқан Дін істер комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бәкіров:
– Бүгінгі таңда жастарымыздың қоғамдық белсенділігі артып келеді. Бұл қуантарлық жағдай. Осы белсенділікті біз жақсы жағына бейімдей білуіміз керек. «Жастар – ел болашағы» дегенді жиі айтамыз. Олай болса, сол болашағымызға шынайы сенім білдірейік, деп атап өтті.
Іс-шара аясында «Әлеуметтік желідегі ең үздік пост-жарияланы», «Діни экстремизмге қарсы әрекет бойынша ең үздік креативті акция», «Еріктілер қозғалысының ең үздік ұйымдастырушысы» номинациялары бойынша антиэкстремистік қозғалыс көшбасшыларының арасында өткен байқау жеңімпаздары марапатталды.
Байқау жеңімпазы Лаула Жұмағалиева:
–Осы шараны ұйымдастырып, жастардың теріс жолға түсіп кетпеуіне көңіл бөліп отырған министрлікке алғыс айтамын. Бұл жобаға қатысу арқылы көп дос таптым, барлығына сәттілік тілеймін, деді.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұған дейін Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе және Орал қалаларында екі күндік оқыту семинарларын өткізіп, оған 300-ден астам адам қатысқанын айта кетейік.
Бұл шараның басты мақсаты – жастардың бойында антикстремистік сананы қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру. Қазақстан жастарының радикалды және деструктивті діни ағымдарға қайта оралуына жол бермеу.
Айзере САМАРҚАН