Аймақтар • 25 Қараша, 2019

Ақтауда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның барлық қалаларында – соның ішінде Ақтауда «Халық заңгері» атты жалпы республикалық науқан өтті.

Ақтауда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

Қазақстанның ең үздік заңгерлері мен адвокаттары халыққа заң, құқық төңірегінде туындаған барлық сұрақтарына және шешілмеген даулар бойынша тегін кеңес беріп, көмек көрсетеді.

Былтырғы жылдан айырмашылығы, биыл еліміздің ірі қалаларымен қатар, шағын елді мекендері де «Халық заңгері» науқанына қатысады, бұл көптеген азаматтарға білікті заң көмегін алуға мүмкіндік беріп отыр.

ZAKON.KZ желілік басылымы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Параграф ақпараттық жүйесі ұйымдастырған шараның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Ақтау қаласында ұйымдастырылған науқанға Маңғыстау облысының адвокаттар алқасының, «ZAN 362», «LAW&COMP» заң компанияларының, «Qorgau» құқықтық қорғау орталығының, Маңғыстау облысының нотариалдық палатасының белгілі заңгерлері мен адвокаттары, нотариустары және прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, әділет, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімдері, мемлекеттік органдардың басшылары, Азаматтарға арналған үкімет қызмет көрсету орталықтарының мамандары және «Маңғыстау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері қатысты.

Бұл қоғамдағы өзекті мәселені шешу мақсатында азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру және бір заңгермен ғана емес өзге де заң өкілдерінен кеңес алуға, алынған жауаптарының дұрыстығына көз жеткізуге мүмкіндік берген шара болды.