17 Тамыз, 2013

Ынтымақтың ұйытқысы бола берейік

422 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ынтымақтың ұйытқысы бола берейік

Бейсенбі, 18 қазан 2012 7:41

Замана ағымымен ата-баба­ла­ры­мыз тағдыр тауқыметін тарта реп­рессия жылдары Жетісу жеріне жетіп, тұрақтап қалыпты. Қазақ хал­қының біздің бабаларымызға үлкен түсіністікпен қарап, іргелерінен жер бөліп беріп, тіршілік етулеріне мүмкіндік туғызғанына ата-бабала­рымыздың рахметтерін жау­дырып отырғанын сан рет естігенбіз.

 

Бейсенбі, 18 қазан 2012 7:41

Замана ағымымен ата-баба­ла­ры­мыз тағдыр тауқыметін тарта реп­рессия жылдары Жетісу жеріне жетіп, тұрақтап қалыпты. Қазақ хал­қының біздің бабаларымызға үлкен түсіністікпен қарап, іргелерінен жер бөліп беріп, тіршілік етулеріне мүмкіндік туғызғанына ата-бабала­рымыздың рахметтерін жау­дырып отырғанын сан рет естігенбіз.

Бүгінгі ұрпақтың, нақтылай түс­сем, менің қандастарым – кәріс­тер­дің де қазақтарға  айтары тек ал­ғыс. Сол қамқорлықты жете түсін­ген аталарымыз қазақтарға адалдық танытумен шектелмей, жақсылыққа жақсылықпен жауап қайтару үшін жер тырмалап еңбек еткен. Шыны керек, көкөніс өнімдері, оның ішінде пияз өсіруде, жалпы сан түрлі көкөністерден ащы-тұщы салат мә­зірлерін жасауда кәрістер өте шебер халық. Олардың қолынан шыққан дәм өзіндік ерекшелігімен дара­ла­натыны тағы анық. Сонымен, Жетісу жерінде кәрістер қазақтарға адал еңбектерімен жағып, етене ара­ла­сып, Қазақстан атты ортақ үйіміздің керегесі кең, босағасы берік, ша­ңы­рағы биік болуына құдды қарлы­ғаштың қанатымен су сепкендей септігін тигізуге талпынуда. Сол үрдістен бүгінгі ұрпақ та тынбай ең­бек етуде.

Елбасының Жалпыға Ортақ Ең­бек Қоғамына қарай 20 қадам атты мақаласын біз – кәрістер де жи­на­лып отырып оқып талқыла­ғаны­мызда, онда айтылған мәселелер көңіліміздегі көп жайды дөп басты. Өйткені, менің қандастарымның ба­сым бөлігі  ауылдас қазақ­тары­мен бірге алқаптарда еңбек көрігін қыз­дырып жүрген жандар ғой. Міне, күзгі жиын-терін жұмыстары да аяқталып қалды. Ерте көктемнен бастап ала жаздай еткен еңбектің жемісін көрудеміз. Берекесін берсе, биыл Жетісу өңірінде өнім түсімі жақсы болды. Біле білсек, бұл да ынтымақпен істелген жұмыстың нәтижесі. Қазақта «Ырыс алды – ынтымақ» деген аталы сөз бар. Өз басым осы даналыққа бас иемін. Бауырларыма да ұдайы айтып, жақсы сөздің мәнін ұғынып, жете түсінулерін талап етемін. Ондағы ойым – аталарымыздан келе жатқан жақсы әдет қазақ бауырлармен сыйласып, ынтымақты ұйыта түсу. Одан біз ұтпасақ, ұтылмаймыз. Ең бастысы – жақсылыққа жақсылық жасауды жалғастыра береміз.

Қорыта айтқанда, Алматы об­лысында тұратын 103 этнос өкіліне осы татулығымыздан танбай, ынты­мақтың ұйытқысы бола білсек, кейінгі ұрпақтан тек алғыс қана естіп, шадыман шаттыққа бөленіп жүре береріміз хақ. Өйткені, біз қазақ халқымен біргеміз, тағдырымыз Қа­зақстанмен ортақ.

Сөз соңында айтарым, қадір­мен­ді мұсылман қауым, сіздерді кәріс халқының атынан алдағы Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын!

Владимир ЛИ,

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы

төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары.

Алматы облысы.