Осыдан бірер жыл бұрын Наурызбай ауданда болған сел апатынан қаншама үйлер зардап шегіп, халық абдырап қалған болатын. Айтып келмейтін аппаттың алдын алу мақсатында мамандар білгендерімен жан-жақты алмасуда. Жапон мемлекетінің тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа құрылғыларды іске қосу - алға қойған негізгі мақсаттардың бірі.
«Білім министрлігінің берген мақсатты бағдарламасы бойынша Сейсмополигонға арналған жабдықтар қойдық. Ол негізі үш-үштен тоғызы қойылуы керек: біз алтауын қойдық. Жүйені «Дәрмен» бағдарламасына енгізіп қойдық», – дейді Алматыдағы Сейсмология институты басшысының орынбасары Ринат Әміржанов.
АЛМАТЫ