Қазақстан • 28 Қараша, 2019

Жастар да жанашыр

225 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Латын әліпбиін енгізу – еліміздің білімді жастарының қатарының көбеюіне, сол дарынды жастарымыздың әлем елдерінің жастарымен иық тірестіре отырып шыңдалуына қолдау көрсету. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Еуразия гуманитарлық институты бас ғимаратының мәжіліс залында «Латын графикасына көшіру үдерісіндегі жастардың рөлі» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Жастар да жанашыр

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны белгілі. Осы игілікті істің аясында Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген іс-шара.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тілі ретінде қалыптасу бағытындағы жұмыстардың бір саласы қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру үдерісіндегі жастардың алатын орны мен атқаратын рөлін анықтап, пысықтау, жастарға артылатын міндеттерді белгілеу әрі насихаттау.

Қазақ тілінің жаһандану үдерісіндегі латын графикасына көшудегі логикалық мағынасы, қазақ тілінің дамуындағы оның рөлі мен маңыздылығы қозғалды.

«Сондықтан шет тілінен келетін атау-терминнің бәрі де орыс тілі арқылы кіріп отыр. Оның себебі де сол орыс тілі қолданып отырған кирил қарпін біздің де қолданып отырғанымыздан және пост-кеңістікте орыс тіліндегі ақпарат шеңгелінде болғанымыздан. Егер біз кирилл жазуында реформа жасайтын болсақ, мысалы, «культура» деген сөзді өзгертіп «күлтүр» немесе «култур» деп жазар болса оны қабылдай алмайсыздар. Себебі, бұның кирилл жазуында образы қабылданбайды. Ал латын жазуын қолдансақ, біздің тілдің өзіндік иммунитеті оянар еді, дамуына жол ашылар еді» деп ой түйіндеді Анар Фазылжанова.

Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігін арттыратын реформа ретіндегі жаңа әліпбиге көшу барысы, осыған қатысты атқарылған шаралардың қорытындысы, алдағы міндеттер, жұртшылық арасында бұл реформаға қатысты жүзеге асырылған жұмыс нәтижелері сөз болады. Әліпби реформасының жалпыхалықтық сипат алу тетіктерін іске қосудың жолдары анықталып, қоғамдық өмір салалары мен құрылым өкілдеріне арналған әліпби реформасы мен жас толқын жастарымыздың осы үдерістегі рөлі туралы пікірлері талқыланды.

10