Руханият • 29 Қараша, 2019

Павлодар облысында Иса Байзақовтың мұражайы ашылды

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірдегі Ертіс ауданы Үлгілі ауылындағы мектеп мұражайы жерлесіміз әнші, ақын, композитор Иса Байзақовтың 120 жылдық мерейтойына арналды.

Павлодар облысында Иса Байзақовтың мұражайы ашылды

Мұражайға ақынның жеке заттары, домбырасы мен шапаны қойылды.

- Сонымен бірге естелік суреттері мен арнайы тақталар ілінді. Бұл біздің  ұрпақты елінің мәдениеті мен өнерін сүюге, сондай-ақ, өнерлі біртуар тұлғалар туралы танып, білулері үшін қажет, - дейді аудандық Білім бөлімінің әдіскері Нұргүл Сұлтанова.

Жыл сайын Үлгілі ауылындағы мектепте аудандық Иса Байзақов оқулары  өтеді.

2007 жылдан Ғаждембек Тұрсыновтың авторлық бағдарламасы бойынша 5-8-сынып оқушылары арасында «Исатану» курсы жүргізіле бастады.

Курс аймақтық «Өмірі - өшпес өнеге» атты Иса оқуларының бастамасы болып, 2011 жылдан бастап ауданда Иса оқуларын өткізу дәстүрге айналған.

 Мұражай ашылған күні «Еркін күшпен өрлеймін, Өмірім ұзақ - өлмеймін...» атты ақын шығармаларын жатқа айту бойынша Қарақұдық орта мектебінің оқушысы Ақбота Қанайбек 1-орынды иеленді.

Ал «Ән қанатында» бөлімінде жасөспірімдер Исаның әндері мен күйлерін орындаудан сынға түсті.

Бұл бөлімде Қоскөл орта мектебінің оқушысы Ернұр Сейітхан өнерлі өрен атанды. Өзінің ақынға арнап шығарған өлеңімен Ағашорын орта мектебінің оқушысы Нұрсұлтан Бағдат 1-орынды иеленді.

Сондай-ақ оқушылар «Қырмызы-Жанай» поэмасынан сахналық көрініс көрсетті. 

 

Павлодар облысы

Ертіс ауданы