Технология • 29 Қараша, 2019

«Ziggurat» - зияткерлік мектептің «мұғалімі»

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Данилл Филимонов құрастырып шыққан жасанды интелект иесі енді мұғалім болып, сабақ беруге «рұхсат» алды.

«Ziggurat» - зияткерлік мектептің «мұғалімі»

Данилл мен оның достары әзірлеген жоба жақында өткен «WRO-2019» бүкіләлемдік роботтар олимпиа ойындарында үздіктер қатарынан көрініп, үшінші орынға ие болған.

- Жасанды интелекттің жобасын жасаған Данилл, яғни ол роботтың «идеялық әкесі». Тек, мұндай міндетті мүлтіксіз атқару жалғыз адамның қолынан келмейді. Сондықтан Даниллға Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Любовь Дудченко мен біздің NEXTROBOT балалар орталығының оқушысы Элина Пак көмекке келді. Ақылды оқушылардың тізе қосуынан «Ziggurat» есімді роббот өмірге келді, - дейді Алматы облысының робот құрастырушылар құрама командасының жаттықтырушысы Николай Авдюнин.

Оқушылардың түр-түсін танып, әліпби мен санауды үйрететін «Ziggurat» WRO-2019» бүкіләлемдік роботтар ойындарында 73 елдің жастары ұсынған жасанды интелектің арасынан озық шықты. Қазір зиялы робот Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің бастауыш сыныптарына тәжірибе сабақтарын өткізуге кірісті.