Елорда төрінде «Отандастар қоры» КЕАҚ және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен шетелдердегі қазақ диаспорасының тарихи отанына оралу және мәдени-гуманитарлық, іскерлік ынтымақтастығын дамыту мақсатында «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Аталмыш жиынға елімізге танымал қоғам қайраткерлері, ведомство басшылары, сонымен қатар әлемнің 20 елінен келген 150-дан астам диаспора өкілі қатысты.

Маңызды жиынды ашып, қатысушыларды аталмыш басқосудың мақсатымен таныстырған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, «Отандастар қоры» КЕАҚ жанынан құрылған Қоғамдық комиссия төрағасы Мұрат Бақтиярұлы, 2017 жылдың маусым айында өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен шетелдегі этностық қазақтарды қолдау мақсатында құрылған «Отандастар қоры» КЕАҚ құрылған сәттен бастап жүйелі жұмыс атқарып жатқанын жеткізіп, бұл реткі ұйымдастырылып отырған жиын соның бір дәлелі дегенге тоқталды.
Алғаш болып сөз алған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, «Отандастар қоры» КЕАҚ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Қырымбек Көшербаев, алыстан ат терлетіп елордаға жеткен қандастарды келген қадамымен құттықтап, бүгінгі шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың этностық қазақтарға қатысты жүргізіп келген оң саясатының жемісі екеніне тоқталды.
«Бүгінгі дөңгелек үстел басында кейбір түйткілдердің түйінін тарқатып, алда атқарылар істің бағыт-бағдарын айқындау міндеті тұр. Осы орайда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атамекенге аңсап келген ағайындар мәселесіне байланысты қосымша іс-шаралар қабылдау жайлы Үкіметке тапсырма берді. Сонымен қатар жаңадан құрылған «Отандастар қоры» КЕАҚ жақсы істерге мұрындық болуда. Қазақстанның қоғамдық жаңаруы аясында Қазақстан Үкіметі бекіткен 2018-2022 жылдарға арналған шетелдегі қазақтарды қолдау іс-шаралар жоспарына сәйкес диаспора жастары еліміздегі жоғары оқу орындарында тегін оқу квотасы 4 % өсіп, білім алушылар саны 2747-ге жетті. Отанға оралған қандастарымызды жұмыспен және баспанамен қамтамасыз ету ісі жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында шешімін тауып жатыр. Алдағы сәуір айында Нұр-Сұлтан қаласында Отандастардың халықаралық форумын өткізу жоспарда тұр. Сол себепті, бүгіні кездесу жақсылықтың басы болады деген сенім зор», деді Қырымбек Елеуұлы.
Келесі кезекте сөз реті бұйырған Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев көші-қон саласы бойынша бұған дейін елімізде атқарылған істерге тоқталды. Яғни, Елбасы тапсырмасымен құрылған «Нұрлы көш» бағдарламасына 60 млрд теңге бөлініп, көптеген өңірлерде арнайы ауылдар бой көтерді. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысында 700, Солтүстік Қазақстан облысында 400, Ақтөбе облысы Хромтау қаласында 230 отбасына арнап тұрғын үйлер бой көтерсе, Шымкент қаласы маңындағы «Асар» ауылында
27 000 қандасымыз тұрақтағанын айтты.
«Бүгінгі таңдағы басты мәселе атамекенге оралушы қазақтарды әуелі, баспанамен, келесі кезекте жұмыспен қамту шарасы қарастырылуда. Сонымен қатар сырттағы қазақтардың рухани қажеттілігін өтеу ісі жалғасын табады. Жаңадан көшіп келушілерді Үкімет қабылдаған «Еңбек» бағдарламасы аясында оқытып, мамандандыру шарасы жоспарда бар. Құжат рәсімдеу жұмысы да оңтайланып «Бір терезе» қағидасына көшеді. Бұл жұмыстардың толыққанды атқарылуын қадағалау үшін Үкімет жанынан комиссия құрылған. Мұның сыртында Үкімет бекіткен «2018-2022 жылдарға арналған шетелдегі қазақтарды қолдау» туралы бағдарлама бар. Ең бастысы мұнда көрсетілген іс-шаралар жоспарын қаржыландыру ісі толық жолға қойылған», деді Бердібек Мәшбекұлы.
Жиынның тағы бір мәртебелі қонағы «Отандастар қоры» КЕАҚ құрылтайшыларының бірі Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, бұл жиынның басты маңызы өткенді саралап, келешекті бағамдауға арналғанын айтып, ең бастысы тұңғыш рет шетелдегі қазақ тілді ақпарат құралдарының өкілдері мен сыртта жүріп жетістікке жеткен жас кәсіпкерлердің басы қосылып отырғанын ерекше атап айтты.
«Қазіргі таңда 4-5 миллион қандасымыз шекарадан тыс жерлерде өмір сүріп жатыр. Осы орайда оларды қолдау шараларын қабылдап, қоныс аударуына жәрдемдесу өзекті болып отыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанынан Этносаралық қатынастарды дамыту жөнінде департамент құрылды. Диаспоралармен жұмыс үйлестіру осы департаментке жүктеліп отыр. Нәтижесінде, шетелдегі қандастар туралы мәлімет өзектендіріліп, арнайы талдау жұмыстары жасалуда. Бұл істі одан әрі нығайту мақсатында, отандастарды қолдаудың жаңа тетігі пысықталып жатыр. Бұл жұмыс халықаралық тәжірибеге негізделіп атқарылуда. Екіншіден, министрлік шетелдегі қазақтардың атамекенге көшу рәсімін оңтайландыруға бағытталған шаралар әзірлеу бойынша да үлкен жұмыстар жүргізуде. Ағайындарымыз «қандас» мәртебесін алуға өтініш беруден бастап, азаматтық алғанға дейінгі барлық процесті талдап, жалпы құжаттары 46-дан 20-ға дейін қысқарту көзделіп, рәсімдеу тәртібі тек бір орында қана атқарылмақ. Қандастар алғашқы өтінішті Қазақстанға келмей-ақ сырттағы елшіліктер арқылы жолдауға болады. Оған қоса құжат рәсімдеу мерзімі 6 айдан 3 айға дейін қысқартылады. Жоғарыдағы істерді орындау үшін «Жол картасы» әзірленіп, бекітілді. Яғни, «Бір терезе» жұмыс стилі 2020 жылдың 3-ші тоқсанының соңында толық күшіне енетін болады. Шетелдегі қандастар үшін мәдени-рухани байланысты дамыту қажеттілігі басым. Сондықтан біз «Отандастар қоры» КЕАҚ бірлесіп, «Qazaq Yui» іскерлік орталығы мен «Абай» мәдени үйін құрып, бұлардың белсенді қызмет атқаруын қалаймыз. Сонымен қатар қандастарымызға қазақ тілін үйрету үшін «Қасиетті қалам» жобасы әзірленіп, тілді қашықтықтан онлайн оқытатын қазақ сыныптары алдағы уақытта іске қосылады. Жыл соңына дейін әлемнің 11 елінде осындай 31 сынып ашу жоспары бар», деді Дәурен Әскербекұлы.
Одан кейін өз ведомствосы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталған Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев, сырттағы елшіліктерде диаспора жөнінде өкіл тағайындалғанын айтып, Қытай еліндегі қандастарға байланысты ақпармен таныстырды. «Шыңжаң өлкесінде терроризммен күрестің қатаюына байланысты қандастарға қыспақ түскені мәлім. Дейтұрғанмен екі еларалық тату дипломатиялық келіссөздер нәтижесінде барыс-келіс шектеуі алынды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бері 338 мың этникалық қазақ елшіліктен Қазақстан визасын алды. Қос азаматтығы үшін Қытай елінен шыға алмай жүрген 35 адамның 30-ы елге оралды. Сол сияқты 6,5 мың этникалық қазақ Қытай азаматтығынан шықты. Бұл мәселе алдағы күндерде де министрліктің назарында болады», деді Шахрат Шәкизатұлы.
Сонымен қатар аталмыш жиынды ұйымдастырушылардың бірі «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Н. Әбіқаев өз кезегінде, қор тарапынан бір жылдың ішінде атқарылған шараларға тоқталды. Оның айтуынша, қор алғаш ашылған 22 сәуірден бастап, бүгінге дейін 1640 қандасымыз хабарласыпты. Одан бөлек қоғамдық қабылдауға түрлі мәселелермен 1587 адам келген. Орталық қызметіне жүгінген қандастардың жалпы саны 3227-ге жеткен. Сондай-ақ қор оралман мәртебесінің мерзімі өтіп кеткен 1300 адамға жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алуға көмек көрсетіпті. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен мүшәйра, терме, қолданбалы өнер, ұлттық әндер аталымы бойынша жыл сайын «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалін өткізу дәстүрге айналуда екен.
Шара барысында атқарылған өзекті жұмыстардың бірі – шетелдегі қазақ тілді БАҚ өкілдерінің басын қосқан панельдік сессия. Бұған 6 елден 12 қазақ тілді баспасөз құралының 17 өкілі қатысты. Жиында ұйымдастырушы ҚазАқпарат ХАА бас директоры Асқар Омаровтың пайымынша, бұл өте маңызды шаруа, болашақта шетелдегі қазақ тілді БАҚ қауымдастығын құру идеясын қолға алу қажет.
Бұл бас қосуға шетелдерде танымал қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары, яғни моңғолиялық «Қазақньюс» порталы, «Шұғыла» журналы, «Жаңа дәуір газеті», Бай-өлке аймақтық радиосы, Ирандағы «Парстудей» ақпараттық агенттігінің қазақ бөлімі, Түркияда 14 саны жарық көрген «Қазақ елі» журналы, Ресейде шығып жатқан «Омбы қазақтары», «Ақ арна» газеттері, сол секілді Өзбекстанда шығатын «Нұрлы жол» республикалық газеті, «Кенимех таңы» аудандық газеті, Науаи телерадиокомпаниясы өкілдері қатысып өз ойларын ортаға салды.
Атап айтсақ, Өзбекстандағы «Нұрлы жол» газетінің редакторы Ғұламзәкір Юсупов, 25 жылдық тарихы бар басылым алдағы күндері 100 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан газет «Егемен Қазақстанмен» ортақ меморандумға қол жеткізу арқылы ақпарат алмасуды ұсынса, Бай-өлкеде жарық көретін әдеби басылым «Шұғыла» журналының редакторы Сұраған Рахметұлы егер қолдау болса, Қазақстан имиджін насихаттауға дайын екенін жеткізді. Өз кезегінде пікір білдірген «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары – бас редактор Айбын Шағалақ, қандастарды ғасырлық тарихы бар газеттің қазіргі ахуалы жайлы хабардар етіп, сыртта жүрген әріптес журналистер осындағы «Егемен академиясы» арқылы тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар екенін жеткізді.
Димаш Құдайберген тыңдармандарына алғыс айтты
Руханият • Кеше
Батысқазақстандықтар мемлекеттік марапатқа ие болды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысындағы ауылда дәрігерлік амбулатория ашылды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында ауыл тұрғынынан марихуана тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Замануи оқу залы Орталық мемлекеттік архивте ашылды
Аймақтар • Кеше
Алматы жастарына қала әкімі пәтер кілттерін табыс етті
Аймақтар • Кеше
Ғалымдар: Адам қыста аз жұмыс істеуі керек
Қоғам • Кеше
Неймар «Барселонаны» тағы да сотқа берді
Футбол • Кеше
Қызылжар полицейлері Тәуелсіздік күнін өнерлерімен қарсы алды
Аймақтар • Кеше
Атырау облысы Тәуелсіздік күнін атап өтті
Аймақтар • Кеше
Алматы қаласында бірінші Томосинтез орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда желтоқсаншы қыздардың құрметіне шығармашылық кеш өтті
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда «Жыл адамы - 2019» анықталды
Аймақтар • Кеше
Алматының барлық ауданында Тәуелсіздік мерекесі тойланды
Аймақтар • Кеше
Университетте жемқорлыққа қарсы семинар өтті
Қоғам • Кеше
Ақтауда тұрғын үй пайдалануға берілді
Аймақтар • Кеше
«Алматы-2050» даму стратегиясы ресми түрде қабылданды
Аймақтар • Кеше
Алматылықтарға мемлекеттік марапат тапсырылды
Аймақтар • Кеше
Елбасы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2019
Президент Сұлтан Сартаевтың отбасына көңіл айтты
Президент • 13 Желтоқсан, 2019
Мемлекет басшысы «Парыз», «Алтын сапа» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты
Президент • 13 Желтоқсан, 2019
Демалыс және мереке күндері ауа райы қандай болады
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2019
Асқар Мамин мемлекеттік және партия марапаттарын табыстады
Үкімет • 13 Желтоқсан, 2019
Тарихи-мәдени мұраны сақтау – ұлттың сәйкестендіру коды
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
«Орал: Қазақстанның Батыс қақпасы» атты көрме ашылды
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Президент пен Елбасы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты концертке барды
Президент • 13 Желтоқсан, 2019
Атыраулықтар тағы да үздіктер қатарында
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Алматыда «Желтоқсан оқиғасына» ұлт-азаттық көтерілісі мәртебесін беру мәселесі көтерілді
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыдағы балалар дәрігерлері марапатталды
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Алматыдағыдай «Тәуелсіздік монументі» әр қалада бола ма?
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Атырауда халық жазушысы Хамит Ерғалиевке ескерткіш орнатылды
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
Алматыда «Тәуелсіздік: тарих тағылымы» атты ғылыми-тәжірибелік жиын өтті
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Тәуелсіздік жемісі: Ордабасы ауданында 31 мектеп, 42 балабақша салынған
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Архив ғимаратына ескерткіш тақта орнатылды
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
«Ұлы дала түркі халықтарының ортақ мекені» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтті
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
Шымкентте Т.Рысқұловтың 125 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
«Ұстаз мәртебесі - ұлт мерейі» байқауы өз мәресіне жетті
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Атырау облысында «496 разъезд» стансасының 150 тұрғыны жаңа баспанаға ие болды
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Банк секторы активтерінің сапасын бағалау (Asset Quality Review) аяқталуға жақын
Қаржы • 13 Желтоқсан, 2019
Түркістанда тұрғын үйлерге табиғи газ берілді
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Алматы облысында 89 мың кәсіпкер салық рақымшылығын алды
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Қазақ этнографиялық мектебі тақырыбында І халықаралық конференциясы өтті
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Футбол: Еуропа лигасының плей-офф додасына шыққандар анықталды
Футбол • 13 Желтоқсан, 2019
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Алматыда Серке Қожамқұлов туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
Тәуелсіздік күніне орай күй тартылып, жыр маржаны төгілді
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Конфедерация кубогында Алматы қаласы алдына жан салмады
Спорт • 13 Желтоқсан, 2019
Егемендіктерге мемлекеттік наградалар тапсырылды
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Алматының каратэшілері қарсылас шыдатпады
Спорт • 13 Желтоқсан, 2019
Басылым басшылары - Халел ЕСЕНБАЕВ (07.1919 - 02.1920)
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» 50 жылдан соң қайта сахналанды
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
«Egemen Qazaqstan» ұжымы марапатталды
100 • 13 Желтоқсан, 2019
FlyArystan Нұр-Сұлтан-Мәскеу рейстеріне билет сатуды бастады
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваны қабылдады
Президент • 13 Желтоқсан, 2019
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент • 13 Желтоқсан, 2019
Дональд Трамп Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Президент • 13 Желтоқсан, 2019
Бір топ журналист Елбасының Алғыс хатымен марапатталды
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Ұқсас жаңалықтар